Ғылыми жобаның мақсаты: Юристлингвистика саласын жан-жақты зерттеу, оның қоғамдағы рөлін айқындау.
Ғылыми жобаның міндеттері:
- кітапхананы ақпарат көзі ретінде пайдаланып, юристлингвистика туралы мәліметтерді жинақтап, саралау;
- Қостанайдағы облыстық сотқа барып, құжаттармен жұмыс жасау;
- юрислингвистиканың қазіргі орнын белгілеу, үлес – салмағын нақтылау.
- юристика саласына түсетін оқушылардан сауалнама алу, тақырыпқа байланысты сайт жасап, білікті маманнан сұхбат алу.
Ғылыми жобаның зерттеу объектісі: Юрислингвистиканың өзекті мәселелері және оған тән қасиеттері; қазақ тіл біліміндегі жалпы теориялық қағидаттар; заң тілінің заңдылықтары.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: кітапханадағы, архивтердегі юриспруденция мен лигвистикаға тән құжаттар, конституциядағы заңдар, стилистика, пунктуация нормалары.
Ғылыми жобаның практикалық маңыздылығы: Зерттеу материалдары юрислингвистиканың теориясы мен практикасына қатысты дәріс- семинарлардың, практикалық сабақтардың жүргізілуіне негіз бола алады. Тілдік материалдардың талдануы қазақ тілі оқыту әдістемесіне, аудармашы – мамандардың, заңгерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |