Тақырыбымның өзектілігі болып саналады. Ғылыми жобаның мақсаты


Тіл мамандары қылмысты тергеуге қалай көмектеседі?



бет14/21
Дата03.03.2022
өлшемі1,06 Mb.
#26948
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
тіл білімі Есетова ғылыми жұмыс (2) (3) (3)

Тіл мамандары қылмысты тергеуге қалай көмектеседі?

"Сот лингвистикасы" - сот өндірісі мен криминалистика контекстінде ауызша және жазбаша сөйлеуді талдаумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің бір саласы. Халықаралық сот лингвистикасы қауымдастығы 1993 жылдан бері жұмыс істейді және Кардифф, Йорк немесе Астон университеттерінде сіз тіпті осы пән бойынша магистратураны аяқтай аласыз.

Қазақстанда « сот лингвистикасы» тіл туралы ғылымның жеке саласы болып табылмайды. Бізде "лингвистикалық сараптама" деген термин қалыптасқан. Бірақ айта кететін жайт, « лингвистикалық сараптама» не «сот лингвистикасы» қоғамымыздың маңызды құрамбөлшегі болып табылады, себебі ол өмірге әсер ететін қажетті құжаттарды, жағдаяттарды, істерді ашуға септігін тигізеді. Мысалға айтсақ, лингвистикалық сараптама 2001 жылы болған террактан кейін сібір жарасы туралы мағлұматтарды сараптағаннан кейін, күдіктілер шеңберін анықтай алды. Істің басты зерттелген заты, нысаны- хат болған.

Осыны анықтау үшін мамандар:

-басылған қолжазба хабарламаны бала немесе тілді білмейтін адам жазғанын біле алды;

- хаттағы ерекшеліктер, мысалға айтсақ орфографияның сақталуы, сандық ақпараттың жазылуы, сөйлемнің ұзақтылығы арқылы жазған адам туралы ақпараттар алды.

Осы барлық ақпараттарды талдауға тіл мамандары талай еңбек сіңірген. Нысанды толықтай зерттеу арқылы олар сот ісінің дамуына және қорытынды шешімге әсер ете алады. Осыдан біздің сөйлеуіміз, жазуымыз саусақ іздеріне немесе ДНҚ-ға қосымша ақпарат ретінде болып табылатынын біле аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет