Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Keywords: conversational activity, pronunciation,  possession, skills, teacher, communication skills, student,  task, formation



Pdf көрінісі
бет255/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   277
Байланысты:
1 2019

Keywords: conversational activity, pronunciation,  possession, skills, teacher, communication skills, student, 
task, formation 
 
Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  білім  берудің  ұлттық  моделінің 
қалыптасуымен қадам басуда. Сонымен қатар «ХХІ ғасырдың жастары табысты болуы үшін нені үйренуі 
керек?»  және  мектеп  қабырғасынан  –  өзінің  болашағы  үшін  қажетті  білім-дағдыны  алып  шығуы  үшін 
«оқытудың  тиімді  әдістері  қандай?»  деген  сияқты  өзекті  сауалдар  шешімі,  жаңартылған  білім  беру 
мазмұнындағы оқу бағдарламасы және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық 
тәсілдермен тығыз байланысты екені анық.  
Жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға 
назар  аударылып,  оқу  бағдарламасында  коммуникативтік  әрекеттер  мен  дағдыларды  жүзеге  асыратын 
оқу мақсаттары ұсынылған.  
Қазақ тіл біліміндегі коммуникативтік  саланы алғаш қарастырған отандық ғалым Ф.Ш.Оразбаева өз 
еңбегінде «коммуникация» терминіне былайша сипаттама берді: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны 
«жалпы  қарым-қатынас»,  «араласу»,  «хабарласу»,  «байланыс»  деген  мағыналарды  білдіре  келіп, 
адамдардың  тіл  арқылы  сөйлесу  үрдісін,  тілдесу  ерекшеліктерін,  тілдің  әлеуеттік  мәні  мен  қоғамдық 
қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді [1, 72]. Демек, ғалымның 
«коммуникация» ұғымын «қатысым» деп танығанын айта кетуге болады. 
Тілді зерттеуші ғалымдардың тілдік қатынас құбылысына байланысты тұжырымдарын сараптай келе, 
ғалым Ф.Ш.Оразбаева тілдік қатынастың бес кезеңін атап көрсетеді:  
 
хабардың пайда болуы; 
   
хабардың сыртқа шығуы; 
 
хабардың жеткізілуі; 
   
хабардың қабылдануы; 
 
хабардың жауабы. [1, 83] 
«Тілдік қарым-қатынас болу үшін, хабарды қабылдап алумен ғана шектелу біржақты процесс болады, 
тілдік  қатынас  жүзеге  асу  үшін,  қабылданған  хабарға  көңіл  аудару,  яғни  оны  сарапқа  салу,  бағалау, 
түсіну, сосын жауап қату шарт», – дей келе ғалым тілдік қатынаста хабардың маңызды рөл атқаратынына 
баса назар аударады. 
Мақалаға өзек болған дағды ұғымын талдап қарасақ, бұл  орайда атақты психолог С.Л.Рубинштейн: 
«Дағды  –  саналы  түрде  автоматталған  қимыл-әрекет  түрінде  көрінеді,  ал  сонан  соң  әрекеттің 
автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады», – деп түсіндіреді [2]. 
Қ.Жарықбаевтың анықтамасы бойынша: «Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әркет 
бөліктерінің  қайталап  жаттығудың  нәтижесінде  автоматтандырылуы»  [3].  Ғалымдардың  пікірлерінен 
ортақ мағына – дағдының бірнеше рет қайталаулардың нәтижесінде пайда болатын, яғни көп рет қайталау 
арқылы автоматты түрде орындалуға бейімделетін іс-әрекет екеніне көз жеткізуге болады. 
Аталған  іс-әрекеттер  жүйесін  оқушылардың  коммуникативтік  дағдысын  айтылым  әрекеті  арқылы 
қалыптастыру барысында әртүрлі мәтіндерді талдау, мәтіннен негізгі ойды анықтау, ақпаратты тану т.б. 
сынды әрекеттердің жүзеге асуын ескере отырып, соған сай стратегияларды қолданған жөн. 
Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Левелт(1989) төрт 
үдерісті ұсынады: [4,28] 
 
тұжырымдау (мәтінді жоспарлау); 
 
қалыптастыру (мәтінді құру); 
 
артикуляция (мәтінді айту); 
 
өзін-өзі бақылау (қателерді тауып, өз бетінше түзету). 
Оқушыны сөйлетудің алуан түрлі мақсаттары бар, айталық, қатысу (араласу) үшін сөйлеу, түсіндіру 
үшін  сөйлеу,  өз  білімін  байқату  үшін  сөйлеу,  бағамдау  үшін  сөйлеу.  Әр  мақсат  барлық  төрт  үдерістің 
болуын көздейді, алайда әрбір кезеңге жұмсалған уақыт ерекшеленетін болады.  
Принг  (2007)  мұғалімдер  оқыту  мен  оқудың  барлық  аспектілері  бойынша  оқушының  айтылым 
әрекетін маңызды деп есептейді, ол оқушының таным деңгейін көрсетеді. Дэвис (1996) сыныпта тиімді 
және нысаналы әңгіме жүргізу мұғалімдерге әдетте қиынға түсіп жататынын анықтады. Басқа дағдылар 
сияқты, айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетіліп, лайықты түрде 
бағамдалуы керек. 
 
Сабақ  үрдісін  ұйымдастыруда  және  жоспарлауда  мұғалім  оқу  бағдарламасында  белгіленген  оқу 
мақсаттарын  айқындап,  сол  мақсатқа  жету  жолында  тапсырмалар  құрастырады.  Осы  мақсатта 


227 
оқушылардың айтылым әрекетін игерту 10-сыныптың «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасында тыңдалым 
әрекетімен  бірге  ұсынылған:  10.1.1.1  мәтін  үзінділері  бойынша  болжам  жасау,  өз  біліміне  сүйеніп 
тақырыпты  жалғастыру;  10.1.2.1  мамандандырылған  тар  аядағы  арнайы  мәтіндердегі  мақсатты 
аудиторияға  арналған  терминдер  мен  ұғымдарды,  тілдік  оралымдарды  талдау;  10.1.3.3  тыңдалған 
мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау; 10.1.4.1 мәтінде 
көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен 
байланыстыру;  10.1.5.1  мәтінде  көтерілген  мәселеге  автор  мен  оқырманның  қарым-қатынасын  ескере 
отырып,  сұрақтар  құрастыру  және  бағалау;  10.1.6.1  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  көпшілік  алдында 
тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу[5] 
Жоғарыда сөз болған оқу мақсаттары бойынша оқушыларға тапсырма ұсынылды. Мысалы: «10.1.4.1 
мәтінде  көтерілген  мәселені  (қоғамдық-саяси)  талдай  отырып,  негізгі  ойды  анықтау  және  ғаламдық 
мәселелермен байланыстыру» оқу мақсатын орындау үшін төмендегідей мәтін беріледі: 
Шешендік - адамзаттың өзімен бірге жасасып келе жатқан көне өнер  түрі. Оның  тарихы біздің 
заманымызға дейінгі V – IV ғасырлардан Ежелгі Грек мемлекетінен бастау алады. Ерте дәуір адамдары 
шешендікті  «өнер  падишасы»  деп  бағалап,  шешенді  ел  басына  қауіп  төнгенде  жауға  қарсы  қол 
бастайтын қолбасшымен қатар қойған. 
 
Шешендік – қазақ халқы үшін де ұлттық мәдениеттің құнды саласы. Қазақ шешендігінің тарихы 
тереңнен тамыр тартып, көне замандарға апарады. Бабаларымыз қашаннан «сөз қадірі – өз қадірім» 
деп  ұғынып,  «өнер  алды  –  қызыл  тіл»  екенін  мойындаған.  Қазақта  ежелгі  Грекиядағыдай  шешендер 
тәрбиелейтін арнаулы мектеп болмағанымен, сөз қадірін білетін тума дарындар ел ішінде айтыс-дауға 
түсіп,  өнеге  мектебінен  өткен.  Жер,  жесір,  құн  дауын,  ру  мен  ру  арасындағы  дау-жанжалдардың 
шешімін  екі  ауыз  сөзбен  айтатын  от  тілді,  орақ  ауызды  билерін  халық  ханнан  кем  бағаламаған.  Тілі 
алдаспанның  жүзіндей  өткір,  ойы  теңіздей  терең,  қорғасындай  ауыр,  қысылғанға  жол  көрсететін, 
адасқанды жолға, тентекті тезге салатын шешендердің қазақ үшін қадірі ерекше. [6]. 
Оқушылар осы мәтін аясында бірнеше тапсырмаларды орындайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет