1- тапсырма. Мәтін мазмұнын «төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтыңдар.
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.
Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Мақсаты:мәтін мазмұнын түсініп, ойын нақты, жүйелі айтуға дағдыландыру. Нәтиже:оқушы мәтін
мазмұнын түсініп, өз ойын қысқа жеткізе білуге үйренеді. Дескриптор: мәтін мазмұнын түсінеді; ойын
жүйелі жеткізеді; өмірмен байланыстыра алады.
2- тапсырма. Шешендікті не себепті «өнер падишасы» деп бағалаған? Осы тақырыпта ойбөлісіңдер.
Мақсаты:пікір таластыра отырып, әртүрлі көзқарастардың нәтижесінде дұрыс, ортақ бір шешімге
келуге дағдыландыру. Нәтиже: Пікір таластыра отырып, әртүрлі көзқарастардың нәтижесінде дұрыс,
ортақ бір шешімге келеді. Дескриптор:ойбөліске қатысушылар өзара түсініседі; бір-бірінің ойларын
толықтырып отырады; сөйлеу мәдениетін сақтайды.