Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет93/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   277
Байланысты:
1 2019

жатсынбау» принципі тұрғанын жаңа буын ұрпақ білуі тиіс» деген тұжырымды өзінің өмірлік кредосына 
айналдырып, оны теория мен практика жүзінде дәлелдеп келе жатқан да ‒ Фаузия Шәмсиқызы.  
 
Ұлылар  туралы  айтқан  пікірін  өзінің  ғылым  жолындағы  түп  қазығына  айналдырып,  оны  ғылыми-
әдістемелік зерттеулері арқылы жұртшылыққа танытып, дәлелдеп келе жатқан ұстазымыздың еңбектері ‒ 
бәрімізге үлгі.  
 
Ғалымның  «өзіңді  өле  сүйіп»  ұстанымын  ұлы  тұлғалардың  еңбектерін  зерделеп,  ондағы  басты 
құндылықтар  мен  идеяларды  бүгінгі  ұрпақтың  санасына  терең  сіңіруге  бағытталған  тұжырымдарынан 
көреміз.  «Тіл  мен  рух»  атты  мақаласында  «Абай  мен  Шәкәрімнің  тілдік  тұлғасы  мен  тілдік  мұрасы 
ұлттық өркениеттің дамуы мен нығаюына ықпал» ететінін, «жаһандану процесінде ел мен елді, ұлт пен 
ұлысты  сақтаудың  қайнар  көзі»  болып  табылатынын  дәйектейді.  «Жалпы  адамзатқа  тән  ортақ 
құндылықтарды сақтай алғанда ғана әр ұрпақ өз міндетін адал» атқаратынын есімізге салады.  
 
Бүгінгі таңда қоғамда белең алған, қазақ халқының болмысына тән емес түрлі жағдаяттардың орын 
алуы  адамзатқа  тән  құндылықтарды  сақтауға  мән  бермей  кеткеніміздің  нәтижесі  екені  көзі  қарақты 
адамдардың барлығына белгілі. Осы түйінді мәселелерді шешудің жолдарын ғалымның «Ұлы Даланың 
рухани  мұрасы»  деп  аталатын  мақаласынан  табамыз.  Әдіскер-ғалым  ұрпақ  тәрбиесіне  тілші  мен 
әдебиетші де, философ пен психолог та, барлық мамандық иелері жауапты, ол үшін бәріміз бір мақсатты 
шешудің  жолында  бірлесіп  жұмыс  істеуіміз  қажет  деген  идеяны  ұсынып,  «Ұлы  Даланың  рухани 
мұрасын, тағылымды тарихын, тамырын тереңнен тартар шежіресін, қазіргі заманмен сәтті сабақтастыру; 
барымызды  шашау  шығарып,  шашып  алмай,  жаһандану  жағдайында  ұлттық  руханиятымыз  бен 
мәдениетіміздің  даму  бағытын  өркениеттік  үлгіде  қалыптастыру,  оны  ұлт  болашағы  үшін  тиімді 
пайдалану» қажеттігін айтып, рухани мұраны тілдік аспекті тұрғысынан зерттеудің үш бағытын ұсынады:  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет