«өзгені жатсынбауды», озық әдістемелерді игеріп, қолданысқа енгізу керектігін дәлелдеп келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды,
коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда», ‒ деп атап
көрсеткені белгілі. Осы аталған 4К моделі ғалым-ұстаздың еңбектерінде көрініс тапқан. Соңғы жылдары
әлемде білімнің сапасына, уақыт сұранысына сай маман дайындау мәселесіне басымдылық беріліп
отырғаны мәлім. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы маман даярлау ісіне жаңа көзқараспен
қарауды талап етуде. Осымен байланысты 2016 жылы Давоста дүниежүзілік экономикалық форумның
призиденті Клаус Шваб болашақта адам атқаратын жұмыстардың көбі роботтардың қолына өтетінін
айтты. 2020 жылдан бастап сұранысқа ие болатын маманның бойында кешенді міндеттерді шеше алу;
сыни ойлау; шығармашылықпен ойлау; басқа адамдардың эмоциясын тани білу; адамдарды басқара алу;
ұжыммен, топпен жұмыс істей білу; пікірлер мен көзқарасты талдап, өз пікірін дәлелдей алу; кез келген
жағдаятта адамдармен коммуникацияға түсе білу тәрізді құзіреттіліктердің болуы шарт екенін дәйектеп,
көрсетті. Ғалымдар 2020 жылдан бастап сыни ойлау; креативтілік, коммуникация және топпен жұмыс
істей білу дағдыларының алдыңғы орынға шығатынын дәлелдеп отыр. Әдістеме ғылымында бұл
дағдылар «4К моделі, яғни Критическое мышление (Critical Thinking); Креативность (Creativity);
Коммуникация (Communication); Координация (Coordinating With Others)» деп аталып жүр.
Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік коммуникация мен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық
негіздері» атты докторлық диссертациясында (1996 жыл) жоғарыда сөз болған 4К моделіндегі барлық
дағдылар жан-жақты негізделген. «Тілдік қатынас ‒ тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни
адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі» деп анықтама берген. Тілдік қатынасты теориялық
және әдістемелік тұрғыдан зерттеп, ғылыми айналымға кіргізгенін жоғарыда айтып өткен болатынбыз.
Ғалым «тілдік қатынастың қызметі сөз, фразеологиялық тіркес, сөйлем, мәтін арқылы»
анықталатынын, қатысымдық бірліктердің «сөз актісінің коммуникативті-прагматикалық көрсеткіш
ретінде» қабылданатынын, «айтылым нормасы сөйлеу актісін жүзеге асыра отырып, коммуникативтік
мақсатқа жетуге» жол ашатынын айтып, коммуникативті актіні жүзеге асыратын тілдік бірліктер мен
элементтерді сөйлеу актісі теориясындағы заңдылықтар бойынша түсіндіреді. Локутивті, перлокутивті,
иллокутивті актілердің қатысымдағы қызметін айқындап көрсетеді. Ғалым «эмоция адамның көңіл-
күйімен және тұлға интелектісімен» байланысты болатынын дәлелдеп, перлокутивті актідегі
эмоционалдықты «көңіл-күйге әсер ету», «интелектіге әсер ету» деп, екі топқа жіктейді де, оларды өз
ішінде бірнеше түрге саралайды. Әдіскер тілдік қатынастың үш түрлі жұптық, топтық, ұжымдық жолмен
іске асатынын мысалдар арқылы дәйектеп көрсетеді. «Бұл формалар арқылы оқытуда оқушының беделі
өседі, ол өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін танытуға мүмкіндік алады, сөйлесім арқылы ойлау
жүйесінің терең қалыптасуына, әрбір оқушымен тілдесудің нәтижесінде онымен тіл табысуға үйренеді,
адам мен адам арасындағы тілдік қатынас биік сатыға көтеріледі, оның мән-мағынасы артады» деп
түйіндейді. Тілдік қатынастың практикалық курсы аясында ұсынылған «Ойталқы», «Ойланым»,
«Тілтаным», «Ойтаным» айдарлары бойынша ұсынылған тапсырмалар тіл үйренушінің сыни және
креативті ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бір мақаланың аясында ұстазымыздың барлық еңбектерінің тілді дамыту мен оқытуға қосқан үлесін
қамту мүмкін емес. Ғылымда да, өмірде де адалдық мен адамгершілікті, «өзіңді өле сүйіп», «өзіңді терең