ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Мұқажанова  А.  Қазақстан  халқының  патриотизмі-ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетінің  негізі  //  Ақиқат. 
2010. № 6. б.12-16. 
2.
 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудегі  2006-2008  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары // Тәрбие құралы. 2007.№4.б.3-8. 
3.
 
Өмірзақұлы  Н.  Мектептердегі  әскери-патриоттық  тәрбиенің  жастарды  Қарулы  Күштер  қатарына 
дайындаудағы маңызы // Мектептегі дене шынықтыру. 2007. №5. б.9-11. 
4.
 
Берғалиева С. Патриоттық тәрбие беру // Тәрбие құралы. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін. 2007.№2 . б.15-17 
5.
 
Шарипова О. Ұлттық тәрбие-патриоттық сезімнің негізі // Бастауыш мектеп. 2007.№ 4. б.15-17. 
6.
 
Меңлiбаев Т. Патриотизм және ұлтаралық қатынас мәдениетi //  

116 
 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Сарсенгалиева Ляйля Муратовна, 
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі 
Курмалакова Жанар Жоламановна, 
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар мен басқару колледжі 
 
Патриотизм  дегеніміз  -  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық–
мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекетті  нығайту  дегеніміз  -  жеке  адамды 
күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның 
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. 
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы 
туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін 
ұғыну.  Сөйтіп,  «ұлттық  патриотизм  және  «қазақстандық  патриотизм»  ұғымдарына  анықтама  беру,  олардың 
мазмұнын  құрайтын:  отансүйгіштік  сезімін  дамыту,ұлттық  салт-дәстүрді  ұстану  мен  мемлекет  рәміздеріне 
құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. 
Туған  халқымыздың  өткен  тарихына  көз  жіберсек,  отансүйгіштіктің  керемет  үлгілерін  көреміз.  Бүгінгі  күні 
егеменді  ел  болып,  қазақ  деген  ұлт  болып  отыруымыздың  өзі  ата-бабаларымыздың  теңдесі  жоқ  ерлігінің 
арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық 
көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге 
тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай 
көптеген  тарихи  тәжірибелерден,  сол  кездегі  отбасы  тәрбиесіндегі  отансүйгіштік  сезімнің  қалыптасуына 
отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.  
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің 
мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып 
табылады.  Балаларды  Отанды,  туған  жерді,  өзінің  халқын  сүюге  тәрбиелеу  -  мұғалімнің  аса  маңызды,  аса 
жауапты  да  қадірменді  парызы"  -  деген  еді.  Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің 
өзіндік  мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  "ұлтжандылық",  отансүйгіштік",  "патриотизм",  ұғымдары  сол 
заманның  ақиқаты  -  наным  -  сенімінен  туындайды.  Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  жас  ұрпақ  тәрбиесінің 
темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды [1]. 
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-
әлеуметтік  ахуалдың  ерекшелігін  көрсетеді.  Елімізде  жүзден  аса  ұлттар  мен  ұлыстардың  өкілі  өмір  сүруде. 
Қазақстан  олардың  көпшілігінің  туған  отаны  және  бұдан  былай  да  мәңгі  тұрақтап  қалар  мекені  болмақ. 
Сондықтан  олардың  әрқайсысы  Қазақстанды  ата-жұртым  деп  танып,  оның  тәуелсіздігін  қорғауға  және 
материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде 
жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. 
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз 
байланысты.  Қазақстандық  патриотизм  -  Отан-анаға  деген  сүйіспеншілік  пен  азаматтық  ерлік,  өнеге 
көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. 
Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына 
кірсе керек. 
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.  
Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның 
игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде” [2; 105]. 
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол.  
Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті.  
Патриоттық  сезімді  қазақ  ағартушылары  Ш.Уалиханов,  Ы.Алтынсарин,  Абай  шығармаларынан  да  байқауға 
болады.  
Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын 
психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен 
мәдениетіне  ,  ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын  ,  өзіндік  бағасын  түйсінуін,  қуаттап  қолдауын 
пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық 
сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген. 
Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. 
Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе 
жатқан  жас  буындарды  отаншылдыққа  тәрбиелеуде  бұл  екі  ұғымның  қайсысын  ұстанған  жөн;  олардың 
мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге 
бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар 
туындап отыр. 
Бүгінгідей  демократиялық  бағыт  ұстанып  отырған  қоғамда,  балалар  мен  жастардың  тағдыры  өздеріне, 
отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты 
мәселелердің бірі екені даусыз. 

117 
 
Біздің  пікірімізше,  өсіп  келе  жатқан  жас  буындардың  бойында  қазақстандық  патриотизм  сезімін 
қалыптастыру үшін :әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз , сонымен қатар олар 
бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай 
шайқасатын  Қобыланды,  Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын  -  жыраулардың,  билердің татулыққа, 
адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері колледж білім алушыларының бойында 
патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, 
оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша 
киелі  орындар.  Олардың  адам  көкірегіне  жылылық,  жақындық,  туысқандық  сезімдерді  ұялатып,  ізгі  де  ерлік 
істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - 
өзі  келмейтін  баланың  бойында  біртіндеп  қалыптасатын  құдіретті  сезім.  Бұл  сезім  әркімде  әр  кезеңде  оянып, 
кейін  кәмелетке  келгенде  біржола  буыны  қатып,  тәжірибемен,  уақытпен,  біліммен,  қоршаған  ортаның 
ықпалымен,  балабақша,  отбасы,  мектеп,  жоғарғы  оқу  орындары,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық 
ұйымдар  мен  қозғалыстар  әсерімен  қалыптасады.  Патриоттық  сезім  тұлғада  тәрбие  арқылы  өсіп  жетіліп 
патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Білім 
алушылардың  патриотизмге  тәрбиелеу  мәселелерін  зерттеген:  С.Ешімханова,  Е.Жұматаева,  А.К.Ахметов, 
Д.С.Құсайынова, т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, колледждегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау 
нәтижесінде  колледж  білім  алушыларын  патриотизмге  тәрбиелеудің  бағыттары  төмендегідей  мәселелерді 
көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде білім алушының 
жеке  тұлғасына  ықпал  етудің  жүйесін  жасау;  әртүрлі  пәндерді  оқытуда  және  тәрбиелік  жұмыстарды 
ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы 
мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс 
жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек.  
Колледж  білім  алушыларын  патриотизмге  тәрбиелеу  мәселелерін  зерттеген  ғалымдардың  еңбектерінің 
қорытындылары  іс-тәжірибелерінің  нәтижелеріне  сүйене  отырып,  біз  патриотизмге  тәрбилеу  –  білім 
алушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық. 
“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру 
керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз 
қажет. 
Қорыта  айтқанда,  білім  алушылармен  осы  жоғарыда  баяндалғандай  тағы  да  басқа  әдістерді  қолдана 
отырып, білім алушының көкейіне осындай іс - әрекеттерімен ой сала білсек, үлгі көрсетсек заманға сай, қоғамға 
керекті азамат отансүйгіш, елсүйгіш азамат елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.  
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р. Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200  
2. А.Құсайынов Білім және Реформа . Алматы 2006. 
  
 
ПАТРИОТИЗМ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АСҚАҚ БЕЛГІСІ 
 
Сырашова Г.К.,Сарсенова А.Е., 
«Рауан» көпсалалы колледжі Ақтөбе қаласы 
 
Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында  "Өз  бойымызда  және  балаларымыздың  бойында  жаңа 
қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш 
сезімін  ұялатады",  -  деген  сөзінің  өзі  "Балам  деген  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан  болсын"  деген 
Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей. Мемлекетіміздің болашаққа қойған бұл болжамы айна-
қатесіз ақталарына кәміл сеніммен қарауға болады.  
 Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған 
деген  сүйіспеншілігі  билейді.  Бұған  ешкімнің  күмәні  жоқ.  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  "Болашақ" 
бағдарламасы бойынша шетелде білім алған түлектермен кездесу барысында "...патриот - ол Қазақстанды шын 
сүйетін,  ұлттық  құндылықтарды  қастерлейтін,  бойында  адалдық,  ар-намыс,  ізгілік  қасиеттері  бар,  халқының 
дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам" деген болатын. Патриотизмнің тарихи элементтері туған 
жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда 
патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі 
тұрғысынан білдіреді. “Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-
жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруа- шылығының 
озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең 
сезім. Қазақ совет энциклопедиясында “патриотизм”  – дегеніміз (грек patrіotes –  отандас, patrіo – Отан, туған 
жер) отанға деген сүйіспен- шілік. Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүдде- сіне жұмсау, туған 
жерін,  ана  тілін,  елдің  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрін  құрмет  тұту  сияқты  патриотизм  элементтері  ерте  заманнан 
қалыптаса бастайды, – деп көрсеткен. 

118 
 
 Халық  қаһарманы  Бауыржан  Момышұлының  ұлы,  жазушы  Бақытжан  Момышұлы  “нағыз  патриоттар 
өзінен бұрын Отанының қамын көбірек ойлайды. Шынайы патриот қазақ ата жұртының мәңгі тәуелсіз өмір сүріп, 
гүлдене беруі үшін өзінің саналы өмірін сарп етуге даяр адамдар” деп дәріптейді. Жазушы “Қазақстандықтардың 
барлығын  бірдей  патриоттар  деп  айта  алмаймыз,  өйткені  материалдық  тоқшылық,  технологиялық  игіліктерге 
бола жеке басын күйттеп, шетелге қашқандар, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын жерді табиғи ресурстарды 
сатып жеке  басының  байлығын асырғандарды,  “қазақ”  деген ұлы  халықтың даналығынан  туған салт-дәстүрін 
тәрк  етушілерді,  тарихын,  тілін  білмейтін,  білуге  ұмтылмайтындарды  патриоттар  қатарына  қоспайды.  Ол 
Қазақстанның бүгінгі территориясының сақталып қалуына, халқының ел болып ұйып отыруына, ежелгі дәуірден 
бері қарай үлес қосып келе жатқандарды нағыз патриоттар дей келе, “патриоттары көбеймеген халық елдігінен 
айырылады  және  елдігін  сақтап  қала  алмайды”,  –  деп  түйіндейді.  Бақытжан  Момышұлы  патриоттық  сезім 
“адамдарға генетика арқылы беріліп, ойына мықтап орнығады. Алайда оған күтім мен қамқорлық, ұдайы шыңдап 
отыратын тәлімгерлік те қажет” , – дейді. Ол ерлік, рух, ұлттық намыс арасындағы тығыз байланысты: “меніңше, 
ұлттық намыс болмаса, ұлт батырлары да болмайды. Сонымен қатар ол, ең алдымен, елінің патриоты атанбаса, 
батыры  да  емес.  Демек,  ұлтына  деген  құрмет  патриотизмнің  ажырамас  бөлігі.  Отаны  мен  халқына  деген 
сүйіспеншілік  жоқ жерде патрио-  тизм тумайды.  Егер тура  мағынасында айтсам,  патриотизм  –  адамды өзінің 
арғы тегімен жалғастырып жататын арқауы мықты қасиетті жіп”, – деп белгілейді.  
Осыған орай, “Қазақстандық патриотизм” деген ұғымды – педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
А.Құсайынов: “Қазақ елін шексіз сүю деп түсінемін”, – дей келе, “Отан сүю” сезімі – халқының келешегі үшін 
күресумен, ол үшін аянбай еңбек етумен етене қабысып жатқан сезім, Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, 
адал  ниетпен  қандай  салада  болмасын  өз  шама-шарқы  келгенше  аянбай  еңбек  етуді  мен  Қазақстандық 
патриотизмнің бүгінгі шынайы көрінісі дер едім”, – дейді. 
 
Патриоттық  тәрбиені  ойға  алғанда  бірінші  санаға  Отан  түсінігі  келеді.  Отанға  құрмет  көрсету 
тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі 
мен  мәдениетіне,  ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын,  қуаттап-қолдауын  пайымдайтын 
сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның 
байлықтары,  тіл,  дәстүр,  тарихи  ескерткіштер,  туған  өлкедегі  ұлттық  құндылықтар  жатады.  Ұлттық  рух  пен 
ұлттық  патриотизм  –  бұл  ұлттың  ішіндегі  жеке  адамның  асыл  белгісі  мен  қасиеті,  өз  халқына  деген  шексіз 
сүйіспеншілігі, адам өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, аумағы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, 
психологиялық және этностық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да, әбден айқын әрі дербес 
басқа  қасиеттері  және  ерекшеліктерімен  де  байланысты  [1].  Ұлттық  патриотизмді  қалыптастыруда  ата-
бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік тәрбиесінің атқаратын орны ерекше.  
Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу – бұл тұлғаның, елдің, оның мәдениетінің бірегейлігі, әлеуметтің, 
халықтың  әлеуметтік  психологиясының  ерекшеліктері  толымды  көрініс  табатын  қоғамдық  өмірді 
ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарын пайымдау арқылы жүйелі дамуы. Патриотизм міндетті түрде тұлғаның 
жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсетеді, өйткені, оның өзі еңбекте табыстарға жету үшін, қоғамға, ел жұртқа, 
халыққа қызмет ету үшін биік серпін болып табылады [2] .  
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың "Төрт ана” деген өлеңінде былай деген: "Тағдырыңды 
тамырсыздың індетінен қалқала, 
 Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, 
 демеп жүрер арқада 
Болу керек құдіретті төрт ана: 
 Туған жері-түп қазығы айбыны,  
Туған тілі сатылмайтын байлығы, 
 Туған дәстүр, салт-санасы тірегі, 
 Қадымына шуақ шашар үнемі.  
Және туған тарихы, еске алуға қаншама  
Ауыр әрі қасіретті, болса да,  
Төрт анаға өңін жалғай алмаған  
Пенделердің басы қайда қалмаған?  
Төрт анасын қорғамаған халықтың  
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.  
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.  
Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы [4].  
Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан 
халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі,  мекен-жайы, ана  тілі бар.  Сонымен 
қорыта  айтарымыз,  қазақстандық  патриотизм-бүкіл  қазақстандықтарға  тән.  Отанын,  елін,  жерін,  тілін  сүйер 
жүрегі патриоттық сезімге толы саналы ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Н.Ә.Назарбаев. «Қалың елім – Қазағым» жинағы  
2.
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы “Қазақстан-2050” Стратегиялық 
бағдарламасы 
3.
 
Педагогика тағылымы Алматы 2003. 
4.
 
 Шаханов М. "Төрт ана” Г. "Егемен Қазақстан” 23.08.1995. 

119 
 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Уразтаева М.К., 
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жаратылыстану ғылымдарының магистрі 
 
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты 
Қазақстан  халқына жолдауындағы  «жаңа қазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталайық.Қазақстан 
халқына  арналған  соңғы  жолдауында  жаңа  қазақстандық  патриотизм  туралы:  «Өз  бойымызда  және 
балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның 
игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл 
түсініктің  өзі  жеткіліксіз.  Біз  бұл  мәселеге  прагматикалық  тұрғыдан  қарауымыз  керек.  Осындай  тәсіл  ғана 
патриотизмді  және  оны  тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық  және  шынайы  көзқарасты  оятады.  2050  жылға 
қарай  біз  Қазақстанның  кез  келген  азаматы  ертеңгі  күнге,  болашаққа  өте  сенімді  болатындай  саяси  жүйе 
құруымыз  керек.  Біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  сырт  елден  гөрі  Отанында  өмір  сүргенді  артық 
көретіндей, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы 
ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын. Отаншылдық патриотизм 
– бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана 
тілін толық меңгеріп, оған  құрметпен  қарауы, өз  Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріне  деген адалдық, өз 
елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы 
мен  Тәуелсіздігін  қорғау,  ата-бабаларының  және  Отаныңның  тарихына  құрметпен  қарау,  сондай-ақ  өзіңнің 
маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның 
ішіне  сияды.  Жастардың  бойына  жоғары  патриоттық  сезімді  және  Отанына  деген  адалдықты  қалыптастыру 
қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін 
атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. 
Патриотизм — қоғамдық сана нысандарының бірі, бұл тарихи және топтық санат қоғам дамуымен бірге 
дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады.Патриоттық сезім адамдардың, халықтардың өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық  жағдайларының әсерімен  пайда болады.  Бұл жағдайлардың  патриотизм мазмұнының өзгеруіне 
алып  келеді.Патриотизм  -  әлемдегі  бейбітшілік  үшін  күреспен,  адамзат  өміріне  қауіп  тендіретін  термоядролық, 
экологиялык және террорлық апаттың алдын алумен,халықаралық  қатынастарды  құрумен  және  әлемдегі  жаңа 
тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа дамемлекеттермен көршілік 
татуластықпен, іскерлік ынтымақтастыкпен тығыз байланыста болумен өлшенеді [1]. 
Патриот  және  патриотизм  үғымы  алғаш  рет  1789  -  1793  жылдардағы  ұлы  француз  революциясы 
кезеңінде  қолданыла  бастады.  В.И.Дальдың  сөздігінде  «патриот»  ұғымына  мынадай  анықтама  берілген: 
«Патриот - Отанын сүюші, оның игілігін қызу қолдаушы, Отансүйгіш, Отандас». Тағы бір сөздікте: «Патриот - 
өз Отанын сүйетін, өз халқына берілген, өз Отанының мүдделері жолында құрбандыққа дайын, ерлік жасайтын 
адам». 
Тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен 
мән беріліп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 
Заңында,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  «Білім»  бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  республика  халқына  Жолдауларында,  Қазақстан  Республикасы  тарихи  сананы  қалыптастыру, 
Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, үкіметтің құжаттарында, ғылыми-
зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын көрсетілген. 
Патриотизмге  тәрбиелеу  үрдісінің  танымдық  мәнін  естен  шығаруға  болмайды,  бірақ  ол  әрбір  білім 
алушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ . Сондықтан 
білім  алушылар  өз  қызметінде  біріншіден  терең  патриотизм  –  Отанға,  Қазақстанға,  өз  халқына  деген 
сүйіспешілік; екіншіден  -  халықтар достығы идеясын  ұстану  және  насихаттау [2]. Адамгершілікті,  өркениетті 
патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. 
Біз тәрбие жүйесінде жастарымызды рухани және ұлттық құндылылықтарын дұрыс бағалауға осы 
білімдерді  пайдалануға бағытталуы тиіс  деп  есептейміз.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен  айтқанда, 
патриоттық  тәрбие  процесінде  «әрбір  адам  бізідің  мемлекетімізге,  оның  бай  да  даңқты  тарихына,  оның 
болашағына қатысты  екенін  мақтанышпен  сезіне  алатындай  іс -қимыл  жүйесін  жасауы  қажет.  Елдің 
проблемалары  да,  келешегі  де  барлық  адамға   әрі  түсінікті  болуы  тиіс...  Әрбір  адам  бала  кезінен 
Қазақстан  -  менің  Отаным,  оның  мен  үшін  жауапты  екені  сияқты,  мен  де  ол  үшін  жауаптымын  деген 
қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн». 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.  «Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  патриоттық  тәрбие  берудің  2006-2008  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы туралы». Қ.Р.Президентінің Жарлығы Астана, Ақорда, 2006 ж. қазанның 10-ы. №200.  
2. А.Құсайынов. Білім және Реформа. Алматы 2006. 
3. Е.Жұматаева «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие 
беру», «Қазақ мәдениетінің тарихы». 
 
 

120 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет