ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39

Пайдаланған әдебиет: 
1. А.Құсайынов Қазақстандағы патриоттық тәрбие беру идеологиясы мен мәні. Алматы, 2003ж.  
2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы қоғамдық идеялық бірлігінде. - Алматы: Қазақстан, 1993. 
3.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  – 
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы // Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 2012 жыл. № 
828-831 (27902). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

126 
 
ІІІ  СЕКЦИЯ.  КӘСІБИ  ПЕДАГОГТЫҢ  ДАМУЫ:  ДӘСТҮРЛЕР  МЕН  ӨЗГЕРІСТЕР  (ОРТА  БІЛІМ 
МАЗМҰНЫН  ЖАҢАРТУ  ЖАҒДАЙЫНДА)/  ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ  РАЗВИТИЕ  ПЕДАГОГА: 
ТРАДИЦИИ  И  ПЕРЕМЕНЫ  В  УСЛОВИЯХ  ОБНОВЛЕНИЯ  СОДЕРЖАНИЯ  СРЕДНЕГО 
ОБРАЗОВАНИЯ.  
 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДАМУ ТРАЕКТОРИЯСЫН ҚҰРУДА ЕСКЕРІЛЕТІН БАСЫМДЫҚТАР 
 
Андирова Венера Теміржанқызы, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ кафедра оқытушысы 
 
Қазақстан Республикасының әлемдік үздік үлгіге сәйкес инновациялық білім кеңістігіне енуді мақсат етуі, 
дамудың озық деп танылған жобаларын тәжірибеге енгізуі нәтижесінде қазақстандық білім беру стратегиясы мен 
бағыттарын жаңартудың қажеттілігі күннен-күнге айқындала түсуде.  
Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы 
жобасында  Қазақстанда  оқитын  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп,  халықаралық  рейтингілердегі  білім 
көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен, 
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби 
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды 
арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.  
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, 
өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагогтің  ойлауына,  өткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы 
толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, 
бүгінгі таңда 
алға  қойылған  мақсаттарды  іске  асыруда  басты  рөлді  мұғалім  тұлғасы  атқаратындығы  туралы  тұжырымның 
айқындылығы  ақиқат.
  Қазақстанның  өсуі,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы,  болашағының  жарқын  болуы 
бүгінгі жастарға байланысты. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі 
де сондай деңгейде болмақ. Халқымыздың «Тас түбінде қын жатпас» асыл сөздері үлкен асуларға жетелейтін, 
еліміздің еңсесін биіктетер өскелең ұрпаққа жаңаша білім беру бүгінгі таңда бізден көп өзгерісті талап етеді. Осы 
орайда қазіргі кезеңде жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты - жылдам өзгеріп жатқан 
әлемде  өзіне  сенімді  және  табысты  болуға  мүмкіндік  беретін  дағдылары  мен  түсініктерін  дамытуға,  өмірлік 
жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды. 
Білім берудегі негізгі мақсат- тек білімді, кәсіби мамандандырылған маман дайындау ғана емес, рухани 
дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және 
дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екендігіне ерекше тоқталған жөн. 
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға  – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз 
заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.  
Мұғалімді  тәжірибелік  тұрғыда  дамытуға  бағытталған  курс  мазмұны  заманауи  ғылыми  зерттеулердің 
шынайы  нәтижелерінің  және  оқытудың  озық  практикалық  тәжірибесінің  ықпалдасуын  көрсете  отырып, 
қазақстандық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  стратегиялық  жоспарларының  мақсаттарына  сәйкес  педагогтың 
зерттеу  мәдениеті  мен  өзіндік  рефлексивтік  қабілетін  және  осған  сай  теориялық  білімді  тәжірибемен 
ұштастыруды мақсат ететін құзырлылықты дамытуды көздейді. 
Пажарес  оқыту  стилін  таңдау  кезінде  мұғалімнің  білімділігінен  гөрі  ұстанымға  негізделген  ой-
тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.  
Адамның  ұстанымы  дұрыс  болса,  оның  сөзінің  төркіні,  амал-әрекеті  дұрыс  болмақ.  Пажарестің  бұл 
сендіруін оқымас бұрын да менде осы іспетті пікір болған. Осы ұйғарымға қатысты менің ұстанымдарымның бірі 
әр мұғалім сабаққа қатысты мақсатын нақты анықтап, талдай алуы қажет. Өйткені сабақ үстіндегі әрбір іс-әрекет 
қойылған  мақсатқа тікелей  байланысты. Хэттидің  пайымдауынша, орта  білім беру  жүйесінде әлемдік жоғары 
деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелерінің  арасында  сындарлы  (конструктивті) 
теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған екен. 
«Білімге үш жол алып барады: ойлау, оқу жолы – бұл ең парасатты жол; еліктеу, ұқсау жолы – бұл ең оңай 
жол; Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы – бұл ең ащы жол» деп Конфуций айтқандай 
мен де өзімнің теориялық білімімді тәжірибеде жүзеге асыруды мақсат етеміз.  
Қорыта  айтсақ,  сондықтан  өзгермелі  өмірде  мұғалімдер  барлық  сатыларда  білім  беру  бағдарламасына 
енгізілетін  өзгерістермен  және  пәндік  салалардағы  әзірлемелермен  бірге  дамып  отыруға  тиіс.  Күрделі  үдеріс 
болып  табылатын  оқыту  шеберлігін  толық  игеріп  шығу  бүкіл  ғұмыр  еншісіндегі  мәселе,  міне,  сол  себепті  де 
практикаға үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра 
бермек. 
Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту, оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, 
оқытудағы ерекшеліктерді түсінуі қажет болады. Оқыту және сабақ беру саласындағы негізгі білімнің болуымен 
қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай стратегияларды алдын ала қабылдау қажеттігі 
туралы  барынша  дәлелді  тұжырымдар  жасауға  мүмкіндік  беретін  қосымша  ақпараттар  жинауға  тура  келеді. 
Шешім  қабылдау  үдерісінде  мұғалім  үшін  ең  маңыздысы  оқушының  қызығушылығы  болып  табылады. 

127 
 
Осылайша, оқушыларды өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге білім 
беру бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады. 
Аталған нәтижелер бойынша метатану аспектілерін ескере отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді 
қолдануда төмендегідей тұжырымдарымды ұсынар едім: 
Сұрақтардың маңыздылығын арттыру, ойлануға уақыт бөлудің қажеттілігін естен шығармау.  
Оқушылар  пікірлерін  тыңдап,  олардың  рефлексиясын  ескеруге  көңіл  бөлу  қажет.  Оқушының  даму 
траекториясын белгілеп отыру керек, мониторинг жұмысы жүргізілуі қажет.  
Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді. 
Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені дұрыс.  
Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың 
үлкен қызығушылығын тудырады.  
Оқушы  тұлғасын  дамытып,  сабақ  мақсатын  оқушы  мақсатына  айналғандығын  қаласақ,  бағалаудың 
шынайылылығын қамтамасыз ету қажеттілігін түсіндім. 
Оқушыларды  қателесу  қорқынышынан  арылту  үшін,  алдымен  мұғалімнің  өзі  қателесуден  қорықпауы 
қажет деп есептеймін.  
Оқушыларды  білім  беру  объектісі  ролінен  серіктес  роліне  жоғарылату  олардың  тұлға  ретіндегі 
сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбау керек. 
Қорыта  келе,  мұғалім  жаңаша  оқыту  тәжірибесін  пайдалана  отырып,  өз  білімін  өзара  байланыстырып 
ұйымдастыра білсе, әр түрлі мәліметтерді іздестіре отырып, бейімдеп қолданса жетістікке жетеді деп ойлаймыз. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ 
2.Ғаламтор ресурстары: http:// el.kz; http:// el.kz/4063; 
http://www.tarih.spring.kz

www.google.kz
 
 
 
ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 
 
Атангарина Ш.К., 
Хлебодаровка ОМ  қазақ тілі пәні мұғалімі 
Темірғалиева Г.С., 
 №20 орта мектеп-лицей 
 
Қай  елдің  болсын  өсіп-өркендеуі,  ғаламдық  дүниеде  өзіндік  орын  алуы,  оның  ұлттық  білім  жүйесінің 
деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  Бүгінде  білім  беру  жүйесі  модернизацияланған  заманда  көп  тілді 
меңгертуге  аса  назар  аударылып  жан-жақты  жол  ашылған.  Үштілділік  саясатын  жүзеге  асыру  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  ұйымдары  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 
мақсатымен коммуникативтік құзыретіліктің негізін қалыптастырады. 
Тіл  арқылы  адам  баласы  ғылым,  білім,  мәдениетпен  танысып,  парасаттылыққа  ұмтылыс  жасайды, 
болашақтың  негізін  қалап,  таңдаған  мамандығын  игереді.  Тілді  үйренуде  жетістікке  жету  білім  мен  түсінік 
бірлескен уақытта ғана қолжетімді болады. Яғни ішкі түсінік, қажеттілік қалыптаспайынша тіл меңгеру қиынға 
соғады.  Қазіргі  уақытта  үш  тілді  қатар  алып  жүру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Орыс  тілінде  оқытатын 
мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары тіл үйренудің төрт дағдысына баса назар аудартуы. 
Тыңдалым сөздер мен мәтіндердің мағынасын түсіну, ауызша хабарламаларды есте сақтауға негізделеді. 
Айтылым сөздік қорды қолдану десе де болады. Өз ойын дәлелдеп жеткізе білуі. 
Оқылым арқылы оқушылар мәтінді оқи отырып жан-жақты талдау жасай алады. 
Жазылым  грамматикалық  және  сөздік  нормаларды.,  орфографиялық  қағидаттар  мен  пунктуациялық 
нормаларды білуге негізделеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте 
алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр.  Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш  пәнді 
бірлікте  ала  отырып,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыруға  болады.  Алайда  дәстүрлі  оқытуда  тек  аударма 
жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар 
бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.  
 Өз  іс-тәжірибемізде  тіл  пәндері  сабағында  оқушылардың  тілін  дамыту,  білім  —  білік  дағдыларын 
қалыптастыру,  сөйлеуге  деген  қызығушылығын,  белсенділіген  арттыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыстарға 
төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:  
*Табиғи әдіс 
(мысалы,  брошюралар,  үндеухат,  веб-парақтар)  пайдалана  отырып  және  оларды  шынайы  өмірмен 
байланыстыра отырып, неғұрлым мазмұнды етуге тырысады. 
*Тыңдау – көру – орындау тәсілі (ТКО) 
TКО жаттығуларын орындау кезінде оқушылар мұғалім ұсынып отырған тілді түсінеді. Суреттерді, дене 
қимылын  және  іс-әрекеттерді  пайдалану  арқылы  түсінік  пайда  болады.  Сол  арқылы  оқушылар  «кіріспе 
ақпаратты»  түсінеді  және  өздерінің  түсінгенін  тіл  арқылы  емес,  дене  қимылымен  көрсете  алады.  Себебі, 
оқушылар дене қимылымен жауап бергенде, бұл қимыл ол сөздің оның жадысында орын теуіп, өзара байланысты 
сөздік қор қалыптастыруға көмектеседі деп күтіледі. 

128 
 
*Тіл үйренушілер қоғамдастығы (ТҮҚ) 
Сонымен  қатар,  грамматикалық  тұрғыдан  сауатты  сөйлем  құрылып,  грамматика  ережелерінің  сақталуына 
қарағанда, тілдің қарым-қатынас  үшін қолданылуына  баса  көңіл бөледі. Мысалы, бейресми тілді  пайдаланған 
кезде, мәтіннің түрлерін қалай түсіну және оларды қалай өндіру керектігін үйретуге ұмтылады. 
*ТҮҚ жаттығулары: «Ақпараттағы ақау» жаттығуы – оқушылар рөлдік ойын арқылы жаттығады. 
*«Пазл» әдісі – оқушылар бүтін мәтін жасау үшін ақпараттың түрлі бөліктерін біріктіреді. 
*Тапсырманы аяқтауға арналған жаттығулар – миға шабуыл жасау арқылы шешуді талап ететін тапсырма беру. 
*Ақпарат жинау жаттығулары – оқушылар ақпарат жинап, оларды сыныпқа таныстырады. 
Аталған  әдістерді  пайдалана  отырып  түрлі  тапсырмалар  мен  жаттығуларды,  теориялық  мәселелер  мен 
қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу 
әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілерімен таныстырамын:  
*тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерд іұсыну;  
*мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;  
*тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;  
*мәтін бойынш ажоспар құру;  
*тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;  
*мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;  
*мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;  
*мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;  
*ұсынылған тақырып бойынш асұхбат алу немесе сұхбатберу. 
*жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға 
дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);  
*ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;  
*берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.  
 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  
*көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;  
*мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;  
*мәтіннің негізгі ойымен бөліктерін анықтай отырып оқу;  
*ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу 
жасау;  
*әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).  
*интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынш апрезентациялар, жобалар дайындау).  
 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  
*тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;  
*оқушыларғатанысертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу 
*әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;  
*әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;  
*газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;  
*белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;  
*әдеби  шығарма  мәтініндегі  оқиғаны  өз  көзқарасымен  өзгертіп  аяқтау;  ақпаратты  суреттер  мен  сызбалар, 
белгілер, пиктограммалар арқылы беру;  
*сұхбатқа сұрақтар дайындау.  
Тақырып бойынша  қабілеті жоғары  оқушыларға  шығармашылық бағыттағы  тапсырма  ұсынуға  болады. 
Ондай тапсырмалар оқушылардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға 
салып,  дәлелдеу  дағдыларына  түрткі  болды.  Ауызша,  жазбаша  сөйлеу  тілдерін  дамытады.  Пәнаралық 
байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге 
дағдыланды. Қай пәннен болмасын оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс 
жүзінде  саналы  түрде  қолдана  алуы  қажет.  Түрлі  тапсырмалар  мен  жаттығулар  арқылы  теориялық  білімді 
шыңдауға болады.  
Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған 
үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте 
түсері сөзсіз 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: 
 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж. 
2. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  
бағдарламасы, Астана, 2010. 
3. ҚР«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж. 
4.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» 
пәні бойынша білім беру бағдарламасы 
 
 

129 
 
ПЕДАГОГТЫҢ ДАМУЫНДА КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Ахмет Г.Б., Абдиров Р.Т., 
«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»  
АҚ Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі оқытушылары 
 
Еліміздің  болашағы  бүгінгі  мектеп  қабырғасындағы  ұрпақ  екені  даусыз.  Ертең  ел  тізгініне  ие  болар 
жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының 
қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. 
Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.  
Заман  ағысына  сай  біліммен  қаруланған  ой-өрісі  жоғары,  зерделі,  жан-жақты  дамыған  маман  -  уақыт 
талабы.  Кеше  ғана  көк  туын  желбіретіп  шаңырақ  көтерген  егемен  елімізді  өркениетке  жетелейтін  білім 
бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. 
«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — 
деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да, бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз 
ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберлікке жету жолдары неде? 
Шебер  педагог  білімді,  тәжірибесі  мол,  жан-жақты  бола  отырып,  оқушыларды  жеке  тұлға  етіп 
қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, 
олардың  дамуына  қолайлы  жағдайлар  жасау,  мектеп,  жанұя,  мұғалімнің  ролін  анықтау,  студенттер  мен 
мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. 
«Тәуелсіз  елге  —  білікті  маман»  демекші,  педагогикалық  шеберліктің  негізі  білім  мен  тәрбиені 
ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана 
алуында.  Педагогикалық көзқарас бойынша,  «технология» ұғымы  –  дәстүрлі оқыту әдістерінен  басқа, ерекше 
үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға 
алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі 
ретінде  сипаттап,  оны  дидактикалық  үрдістер  мен  оқыту  құралдарымен  жабдықтауда  жаңа  ақпараттық 
технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады. 
Педагогикалық  шеберліктің  тағы  бір  көрінісі  –  мұғалімнің  шығармашылық  іс-әрекеті,  яғни  оның  тұлға 
ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан 
шығарар  қорытындымыз:  әрбір  педагог  мұғалім  мамандығын  таңдап  алған  соң,  ол  жауапкершілігін  бірге  ала 
жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін 
білетін жан болуы қажет. 
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың 
өздігінен  танымдық  іс-әрекетінде  пайдалануға  көмектеседі.  Оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерін 
пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол 
педагогикалық  шарттарға:  инновациялық  ізденіс  қажеттілігі;  инновациялық  әдіс-тәсілдер  жайлы  білім; 
инновациялық  әдіс-тәсілдерінің  тиімді  жолдарын  қарастыру;  инновациялық  әдістерді  меңгеру;  инновациялық 
әдіс-тәсілдерді  пайдалану  және  білім  беруді  ұйымдастыру  формалары;  инновациялық  әдіс-тәсілдерінін 
нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті 
басшылыққа  ала  отырып,  педагогикалық  шеберліктің  басқа  құрауыштарының  маңыздылығын  жоққа 
шығармаймыз. 
Адам  қажырлы  еңбегімен  табиғатты  өзгертсе  мұғалім  жалпы  жасампаз  еңбегімен  жаңа  адамды 
қалыптастырып,  дамытып,  жетілдіріп  өмірге  дайындайды.  Оқушыларын  тек  біліммен  қаруландырып  қана 
қоймай,  назарын,  білгендерін  жадында  сақтауға,  қабілетін,  ойлауын,  тіл  шеберлігін  ұштауға,  дүниеге  деген 
құштарлығын,  өмірге  деген  көзқарасын  дұрыс  қалыптастырып,  ықыласын,  сенімін,  төзімділігін,  іскерлігін, 
ізденімпаздығын  тағы  басқадай  танымдық  қасиеттерін  жетілдіріп,  адамгершілігі  мол  азамат  етіп  тәрбиелеуді 
өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. 
 Педагогикалық  шеберлік  –  ұстаздық  талантпен  тығыз  байланысты.  К.Д.Ушинский:  «Педагогика  теориясын 
қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», 
— айтады. 
Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта  – ықылас қойып, табандылық 
танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз 
пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы 
қалыптастыра  алса,  педагогикалық  шеберлікке  жету  қасиеттеріне  ие  бола  отырып,  педагогикалық  кәсіпті 
меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. 
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана 
емес,  ол  –  әр  сөзді  оқушылырға  жеткізе  білу,  олардың  толық  қабыл  алуы.  Ұстаздық  шеберлік:  1)  мұғалімнің 
өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын 
толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 
3)  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдіс  –  тәсілдерін  меңгерген,  білгенін  қызықты  да,  тартымды  өткізе  алатын, 
педагогикалық  әдеп  пен  талантын  ұштастырған  адам  ғана  шеберлікке  ие  болады.  Педагогикалық  шеберлікте 
педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның 
жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. 

130 
 
Сонымен қатар, әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік 
деңгейі де дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік   шеберлікті  
дамыту  міндеттер: 
1. Педагогикалық білім бірлігі
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі; 
3. Ситуацияларды меңгеру; 
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру. 
Ұстаздың  шеберлігі  -  талантты  қажет  ететін  ерекше  бір  өнер  емес,  бірақ,  ол  басқа  да  мамандарды 
шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және 
бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады

Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік 
тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол 
білімділікті,  ақылдылықты,  дұрыс  іскерліктер  мен  дағдыларды  қолдануды  қажет  етеді.  Осы  ретте  кейбір 
мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн 
көрдік: 
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау; 
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері; 
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты. 
Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігі,  зерттеушілік  қызметі  мұғалімдік  жұмысқа  дайындық  барысында,  іс  – 
тәжірибеде  және  қайта  даярлау  кезінде  қалыптасып  тәрбиеленеді.  Ұлы  ұстаз  Ахмет  Байтұрсынов  «Білім  - 
біліктілікке  жеткізер  баспалдақ,  ал  біліктілік  -  сол  білімді  іске  асыра  білу  дағдысы»  -  деп  бекер  айтпаған. 
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген 
қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет. 
 Білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер 
педагог  мамандардың  біліктілігін  жүйелі  арттырса,  онда  үлкен  жетістікке  қол  жеткізуге  болары  анық. 
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс: 
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, 
күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.  
2.  Білім  беру  асында  мұғалімнің  зерттеушілік  бағыттағы  қызметін  күшейтуге  байланысты  мұғалімнен 
кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. 
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:  
1.Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі). 
2.Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу). 
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. ) 
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі. 
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса 
ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның 
кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған 
әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті 
арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады. 
  
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік 
әдептілік, педагогикалық техника жатады. 
Қорыта  келгенде,  бүгінгі  талапқа  сай  мектепте  білім  берудің  жаңа  саласына  жету  –  мұғалімнің 
мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан  –жүрегімен берілген ұстаз 
ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді. 
Біздің  ойымызша,  педагогикалық  шеберлік  -  бұл  мұғалімнің  кіріктірілген  қасиеті,  өйткені  ол  өзінің 
кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. 
Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі 
көзқарас  тұрғылары  қалыптасқан.  Қазіргі  заман  сұранысына  орай,  біз  педагогикалық  шеберліктің  негізі 
инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз 
ісінің биік шыңына жетелейді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет