Диктатдеген қатынас ата - аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қойады. Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.
Опека диктатқа қарама қарсы- қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.
"Араласпау"- бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады.
С. Броди ананың қатынасында төрт түрлі типін белгілеген:
1.Бірінші типтегі аналар баланың ыңғайына оңай көніп келісе салатындар. Баланың өсіп жетілуін күтіп еш нәрсеге үйретпейтіндер.
2.Екінші типтегі аналар баламен қарым-қатынас жасауда өзінің ойын іске асыруға тырысқандар.
3.Үшінші типтегі аналар баланың қызығушылығына көңіл бөлмейтіндер,олар өзінің міндетін алға қойатындар. Балаға қатал талап, қадағалауды қалайтындар.
4.Төртінші типтегі аналардың балаға көңіл бөлуі тұрақсыз, балаларын түсінбейтін, тәрбиелеуде көп қателіктер жіберетін.
С. Бродидің пікірі бойынша төртінші типтегі аналардың баламен қарым- қатынас жасау стилі зиянды көңіл бөлуі тұрақсыз болғандықтан балада қоршаған ортаға сенімсіздік, үрей, қорқыныш сезімдер басым болып келеді.
В.М. Минияров отбасындағы тәрбиеде жеті түрлі стильдерге тоқталып, оларға байланысты баланың тұлғалық дамуында жеті әлеуметтік-психологиялық типтері байқалады деген: жанашырлық стиль, босқа қоя беру стилі, жарысу стилі, ақылмен ойластыру стилі, қатал қадағалау стилі, ескерту жасау стилі, үйлесімді стиль.
Жанашырлық стильде бала өзімен -өзі болады, ата- аналардың қолдары тимегендіктен. Жазалауды, мадақтауды қолданбайды, балаға сүйіспеншілікпен қарап, оларға қолдау көрсетіп, жақсы үлгі- өнеге көрсетеді.
Босқа қоя беру стилінде баланың іс әрекетін ешкім қадағаламайды,баланың қызығушылығына, қажеттілігіне көңіл аудара қоймайды, жұрттың көзінше тәртіп сақтауды талап етеді. Балаға еркіндік беріледі.
Жарысу стилінде ата-аналар өз балаларының бойынан басқаларға ұқсамайтын ерекшеліктерді іздейді. Балалардың бойында адамгершілік қасиеттердің болуына мән бермей, тек олар басқалардан артық, ерекше көрінуін қалайды.
Ақылмен ойластыру стилінде балаға бостандық беріледі, бала өзі іздену, талпыну, қателісу арқылы тәжірибе жинақтайды. Шыдамдылықпен баланың барлық сұрақтарына жауап береді, оларға құрмет көрсету, олар мен санасу арқылы қарым-қатынас жасайды.
Ескерту жасау стилінде ата-аналар балаларының өз бетімен әрекет жасауларын қаламайды, балалар белсенділік танытпайды. Балаларға шексіз махаббат көрсетіледі, олардың айтқандарын үнемі орындауға тырысып отырады.
Қатал қадағалау стилінде ата-аналар өз балаларына еркіндік бермейді, барлық әрекеттерін қадағалап отырады. Жиі жазалайды, өте сирек мадақтайды.
Үйлесімді стиль жоғарыда көрсетілген стильдердің ең жақсы деген жақтарын жинақтаған стиль. Балалар ата-аналардың үлгі- өнегесіне еліктейді, олардың жан- жақты дамуына қолайлы жағдай жасалады.
А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас барысында дұрыс және дұрыс емес тәрбие қалыптасады деген пікірді айтып, оларды екіге бөледі. Дұрыс тәрбие түрлеріне шынайы махаббат, сенімділік, мейірімділік, шамасына қарай талап қою, жиі-жиі жақсы қарым-қатынаста болу,баланың өміріне,дамуына жауапкершілікпен қарау. Дұрыс емес тәрбие түрлеріне шектен тыс қадағалау,күң ретінде тәрбиелеу, қатігез тәрбие, ұрып-соғу, жоғары моральдық жауапкершілікте тәрбиелеуді жатқызады.
1.Шектен тыс қорғаштау-бұл балаға өзіндік әрекет жасауға ерік бермейді, баланың барлық уақытын ата-ана алдын- ала жоспарлап,ойластырып қояды. Мұндай жағдайда өскен бала өз бетінше шешім қабылдай алмай, өз күшіне сенімсіз, жасқаншақ болып өседі.
2.Күң (золушка) ретінде тәрбиелеу-мұндай қарым-қатынаста бала әкесі мен шешесінің жақсы көрмейтіндігін, олар үшін ауыртпашылық екендігін сезеді. Мұндай қарым –қатынаста тәрбиеленген бала, кез келген бақытсыздықты, күйінішті жүрегіне жақын алатын болады және бүкіл әлемге ашулы болып келеді.
3.Қатігез тәрбие-кез-келген кішкентай олқылыққа баланы өте қатты жазалау.Сондықтан бала қорқынышты өмір сүреді.Мұндай қатынаста өскен бала ашушаң, қатігез болып өсуі мүмкін.
4. Жоғары моральды жауапкершілік жағдайдағы тәрбие-бұл қатынас түрінде баладан кішкентайынан үлкен жауапкершілікті талап етеді, немесе баланың жасына сай келмейтін жұмыс түрлерін баланың мойнына жүктейді. Мұндай қарым-қатынаста өскен балада әрқашан туғандары үшін қорқыныш сезімде болады.
5.Балаға кері әсерін тигізетін қарым-қатынастың тағы бір түрі-зорлық-зомбылық “ұрып-соғу”.Мұндай қатынаста өскен баланың көпшілігінде сабаққа деген көңіл соқпаушылық, ұжымға тез жұғысып, бейімделе алмаушылық байқалады, қатігез болып өседі.
Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.