-Зорлық-зомбылық бұл –адамға күш көрсету, адамды өзінің еркіне бағындыру.Шын мәнінде зорлық-зомбылық механизмі адамдарды белгілі бір іс- әрекетке мәжбүр ету, не болмаса тікелей күш көрсету. Кейбір ата-аналар балаларын ауыр жұмыстарға салып, оларды ұрлыққа, өтірік айтуға, қатігездікке мәжбүрлейді.
-Физикалық зорлық- баланың денсаулығына зақым келтіру. (ұрып,соғу) Оның зардабынан балада жылауықтық, агрессивтік, жануарларға қатігездік, суицидке бейімділігі туындайды.
-Сексуалдық зорлық-баланың еркінсіз жыныстық қатынасқа түсіу . Баланың мінез-құлқы мен денсаулығына кері әсері:түнгі қорқыныштар, депрессия, өзін-өзі төмен бағалау,өз жасына сай емес сексуалдық білімнің болуы.
Психикалық (эмоционалдық) зорлық-баланың жеке тұлға болып дамуын тоқтататын тұрақты психикалық іс-әрекет.
Психикалық зорлықтың нәтижесінде балада физикалық,ойлау қабілетінің кешеуілдеуі, жүйке тигі, энурез, неше түрлі сомантикалық аурулар, қобалжу сезімінің жоғарылауы, қарым-қатынас жасай алмаушылық,үлгермеушілік, агрессивтікке әкеліп соғады.
Баланың өзіне деген қажеттілігін аңғармау-балаға деген қарапайым қамқорлықтың жоқтығынан эмоционалдық қалып бұзылады да, денсаулығы мен дамуына зиянын тигізеді. Отбасында осындай зорлық түрлерін болдырмау үшін мектеп ұжымы ата -аналармен тығыз байланыста бола отырып , оларға қажетті көмек көрсетіп отырулары тиіс.
Баланың физикалық қажеттілігінен басқа оның өсіп-өнуіне, дамуына сүйіспеншілік соншалықты қажет. Кейбір балалардың отбасында мәпелеп, жақсы өсіруге бейімдейді, бірақ эмоционалды жағынан балаға тиісті назар аударылмағандықтан бала қатты күйзеледі. Солардың салдарынан балада жағымсыз эмоциялар пайда болады.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады.
Эмоция (сезімнің шарпуы)-сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс деген терминмен белгілейді.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Екінші тобы жағымсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады.
Практикалық психологтар денсаулықты бұзып, неврозды дамытатын жағымсыз эмоцияны 2 топқа бөлген,қуаныш және мейірімділік эмоцияларына қарағанда, қайғыру мен қирату эмоциялары балаларда жиі кездесетінін мәлімдейді.