А шу кек агрессия Жағымсыз эмоциялар Қиналу қорқыныш өкпелеу Ашу, кек, агрессия - күйрету эмоциялары. Қиналу, қорқыныш,өкпелеу-қайғыру эмоциялары. Егер отбасында ата-ана мен баланың бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдері болмаса, онда, практикалық психологтардың пайымдауынша, жагымсыз эмоциялар баланың денсаулығына кері әсерін тигізіп, иммундық жүйесіне де көп зақым келтіреді. Мысалы, адам қауіптену сезімінде болған кезде қанға кортизол гормоны басым болады, ал қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде болса эндофрин гормондары көбейеді. Кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсететін болғандықтан, ағзаның толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың санының өсіп келе жатқанына таңдануға болмайды. Американдық психолог Элизабет Холлдың пайымдауынша жағымсыз эмоция рак ауруларының дамуына белгілі әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей,жағымсыз эмоцияларды көп қабылдаушылар немесе өз ашу-ызасын ішінде көп сақтаушылар болашақ рак ауруларының құрбандары. Отбасындағы жағымсыз эмоциялардың баланың денсаулығына тигізетін кері әсерін анықтау мақсатында “Отбасы және оның балаға әсері атты”А.Ю. Монаховтың суретті тесті арқылы зерттеу әдісін қолдануға болады.
Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын А.Л.Варга мен В.В. Столиннің тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады.
Осы зерттеу бойынша ата-аналардың баламен қарым –қатынасында әлеуметтік жағымдылығына қарағанда, тұлғааралық қашықтық, авторитаризм, баланың ойы мен сезімін әлі кішкентай деп есептеп онымен санасып,ой бөліспейтін ата-аналарды да анықтауға болады. Әрине, мұндай қатынастар баланың жеке тұлға болып қалыптасуына және денсаулығына зиянын тигізетіні аян.
Балалардың көзқарасы бойынша, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасы қандай?- екендігін анықтау үшін оқушыларымен сауалнама жүргізуге де болады
Сондай - ақ , Айзенктің «Өз өзінің психикалық жағдайын бағалау » және одан да басқа әдістемелерді қолдануға болады. Өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауына қандай факторлар әсер етеді?
2. Отбасындағы қатынас түрлерін С.В.Ковалев неше түрге бөлген?
3. Казіргі психологияда қатынастардың қандай түрлері белгіленген?
4. С. Броди ананың қатынасында неше түрлі типін белгілеген?
5.А.Е.Личко отбасында ата-ана мен баланың арасындағы қарым –қатынастың қандай түрлерін көрсеткен?
6. Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында қандай жағымсыз эмоциялар туындайды?
7.Ата-ананың балаға деген қарым- қатынасын қандай тест сауалнамасы арқылы анықтауға болады?
Қажетті, жетіспейтін сөздерді не сөзді қос:
Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі ... сипатталады
Паритет ол... ... қатынас.
Конкуренция ол...
Антагонизм ол....