Нафазолин нитрат (Naphazolini nitras), нафтиазин, санорин. Нафазолин нитраты α – адреномиметикалық әсер көрсетеді және шеткері тамырлардың ұзақ уақыт тарылуын шақырады, қан қысымын жоғарылатады және көз қарашығын кеңейтеді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ринит, поллиноз, синусит, гайморит, мұрыннан қан кетулерді тоқтату, және аллергиялық коньюнктивит кездерінде 0,05% ерітіндісін 1-2 тамшыдан күніне 2-3 реттен қолданады.
Кері көрсеткіштері. Артериалды гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, қант диабеті, гипертензия.
Жанама әсерлері. Шырышты қабатты тітіркендіру, гиперемия, ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың ісінуі. Жүйелік реакциялар: жүректің айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.
Шығарылу түрі. 0,05 және 0,1% ерітінді тюбик-тамшылатқышта 1,5 мл және 5, 10, 15 және 20 мл флаконда; Санарин – 0,1% эмульсия түрінде 10 мл флаконда.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Naphthyzini nitratis 0,05% - 10 ml
D.S. Мұрын қуысына 1-2 тамшыдан.
#
Ксилометазолин (Xylometazolinum), галазолин, ксилен. Ксилометазолин химиялық құрамы және әсері бойынша нафтизинге ұқсас және жергілікті сіңірілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |