Тақырып 4 Ұйым және тиімді басқару Мақсаты: Ұйымның түсінігін, оның түрлерін анықтау. Жоспар



бет21/22
Дата15.02.2022
өлшемі134,18 Kb.
#25562
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
В

Б






Д

Г



Е

Ж



З

И



Сурет 1 - Скалярлық тізбек және “көпір”.

Менеджерлер координацияны үш негізгі принципте қалыптастырады: команданың бірлігі, командалық тізбек және басқару интервалы.

Командалық бірлік принципінде әрбір бағынушы тек жоғарыда тұрған бір адамға ғана жауап береді. Ежелден-ақ көрсетілгендей, жұмысшы әртүрлі, бірнеше басқарушылардың жұмысын істей алмайды. Бизнесті реттеуде командалық бірлік принципін Анри Файоль енгізді.

Скалярлық тізбек менеджменттегі координацияның басқа бір принципі болып табылады. Мұнда билік сызығы жоғарыдан төменге қарай жүріп, толық тізбек қалыптастырып бүкіл кәсіпорынды қамтиды (1- сурет)

Суретте көрсетілгендей, әрбір денгейден өтетін бір сызық бар. «З» позициясындағы қызметкер «Б», «Г», «Е» менеджерлері арқылы жоғары менеджер «А»-мен байланысты.

Скалярлық тізбек бағынушылар мен барлық кәсіпорындағы тікелей басшылармен байланысын анықтайды. Бұл жерде менеджерлер тізбек бойынша жоғарыдан төмен жүріп басқа менеджерлермен бірдей басқару деңгейінде болу керек деген түсінік қалыптаспау қажет.

Коммуникацияны оңайлату және тездетуге арналған бір деңгейлі менеджерлерді байланыстыратын “көпір” қалыптасқан. «Е»-де тұрған менеджер «Ж»-да тұрған менеджермен барлық тізбек бойынша жіберусіз байланыса алады.

“Көпір” – формальді емес кәсіпорынның түрі. Ол координацияға қажетті екі өндірістік бірлік жоғары басқару деңгейінен жүруді қажет етпейтін коммуникацияда қолданылады.

Әрбір менеджерлерде ұйымдастыру құрылымы бойынша бірнеше бағынушылар бар. Мысалы, фирма басқарушысы екі немесе одан да көп орынбасарлары болады, ал әрбір орынбасардың тікелей бағынатын бірнеше менеджерлері бар және т.б.

Басқару интервалы (немесе бақылау интервалы) - менеджердің бақылайтын адамдар саны немесе өндірістік бірлігі. Дұрыс интервалды таңдау – маңызды кезең.

Басқару интервалы тар немесе кең болуы мүмкін, ол менеджердегі бағынушылардың санына байланысты.

Тар басқару интервалы – бір басқарушының минималды бағынушылары болуы. Кәсіпорынның төменгі саласы мен жоғарысын біріктіру нәтижесінен иерархиялық деңгейдің саны үлкейеді. Мұндай адам топтары мен жұмыстар артықшылыққа ие. Басқарушының қол астындағылары аз болса, олардың жұмыстарын жақсы бақылай алады, сондықтан оны сапалы жасауға мүмкіндігі болады. Ол бағынушылар арасында ақпаратты тез бір – бірімен алмастыра алады. Бірақ та мұндай құрылымда кемшіліктері де бар. Аз жұмысшысы бар басқарушыда олардың тікелей әрекеттеріне араласуға ынтасы тууы мүмкін. Көп деңгейлік байланысты алып, ұзын және қымбат қылады.

Кең интервалдық басқару - тар интервалды басқарудың керісіншесі: максималды бағынушылар саны.

Мұның мынадай артықшылықтары бар. Басқарушы көп бағынушыға ие болып, оларға жұмыс жүктеу үшін өзінің өкілеттілігін делегаттауға мәжбүр болады. Өкілділікті делегаттау – оң факт болып табылады. Бағынушыларына жұмысты орындау құқығын береді, оны атқара алатынына сенімді болу қажет, сондықтан мұндай жағдайларда күшті және білікті команда алынады.

Мұндай басқару интервалының кемшілігіне “орынның тарлығын” жатқызуға болады. Ол көптеген қиын проблемаларды шешуде қиындық әкеледі. Жағдайды осы бағытта дамыту бағынушыларды бағындыру бақылауын жоғалтуы мүмкін. Бұл интервал барлығы сәйкес келмейтін жоғары талаптарды қажет етеді.

Оптималды интервалдық басқару. Менеджменттік зерттеу бойынша бір басқарушыға бағынатын қызметкерлердің санын анықтайды. Әскери стратег Сир Иан Камильтон және менеджмент бойынша классикалық кітаптың авторы Линдолл Урвиктің айтулары бойынша, идеалды интервал үш пен алтының арасында. 1930 жылы бухгалтер В.А.Грейкунас “бастық – бағынушы” қатынасына анализ жасау үшін математикалық формула шығарады. Грейкунас өз әдісін былай негіздеді: адам көңіл бөлудің шекті интервалын иеленеді және оны бір уақытта бірнеше байланыста қолдана алады. Формула көрсеткендей, егер бағынушылар саны арифметикалық тұрғыдан өссе, онда менеджерлердің әрекет қиындылығы экспонент бойынша өседі. Грейкунас тіке және көлденен бойынша санын жаңадан бір бағынушы келгенде қолданды. Мүмкін болатын байланыс саны мына формулада көрінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет