Тақырып-1. Қаржы саласындағы қолданбалы зерттеулердің теориялық және әдіснамалық негіздері
Мазмұны:
1. Ғылыми зерттеулер. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
2. Ғылыми зерттеулердегі риторика
3. Ғылыми зерттеулерді жіктеудің тәсілдері мен принциптері
4. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістерінің жіктелуі
1. Ғылыми зерттеулер. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Ақпараттық технологияларға негізделген басқарудың жаңа әдістерін енгізу және дамыту экономика мен менеджменттің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл процестерде ғылыми іргелі және қолданбалы зерттеулер маңызды рөл атқарады.
Зерттеуді SADT (structured analysis and design technique- құрылымдық талдау және жобалау әдісі) - әдіснамасы тұрғысынан жұмыс ретінде қарастыра отырып, зерттеу процесінің моделі 1.1 сурет көрсетілген.
Зерттеу жұмысының негізі:
- зерттеуші анықтаған мәселелерді шешу үшін;
- әдістер, модельдер, заңдар, заңдылықтар және т.б . сүйене отырып;
- отандық және шетелдік зерттеушілердің осы саладағы соңғы нәтижелерімен таныса отырып;
- жаңа білім қалыптасатын ғылыми ақпарат ала отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |