Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария) Мамандығы


Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі46,64 Kb.
#11476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сик 111

Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі

Қытай жеріне, негізінен, онымен шекаралас қазақ аудандарыңдағы озбырлық пен ашаршылыққа төзбеген кожалықтар көшіп кетті. Олар Кеген, Жаркент, Талдықорған, Ақсу, Алакөл, Лепсі, Октябрь, Үржар, Табағатай, Жайсан, Қатонқарағай аудандарынан болатын. Осы аудандардан 1929-1931 жылдары 5993 шаруа қожалықтары Қытай жақ бетке өтті. Қазақтардың Қытайға көшуі біз жоғарыда қарастырған Ресей мен Орталық Азия республикалары жерлеріне өтуден әлдеқайда күрделі болды. Өйткені Қытайға көшу бір мемлекеттен екінші мемлекетке шекаралық тәртіпті бұзып көшу еді. Ал шекара бұзу мемлекеттік ауыр қылмыстың бірі саналатыңы белгілі. Голощёкиндік геноцидке шыдамаған қазақтар екі мемлекет шекарашыларының қарсы болғандығыңа қарамастан, шекараны бұзып өтуге ұмтылды. Шекарашылармен қарулы қақтығыстарға дейін барды. Осындай шайқастардың бірінде 734 қазақ каза тауып, 38-і жараланды. Шекарашылардан да адам шығыны болып, 24-і қайтыс болды. Қызыл шекарашылар шекарадан өткізбей қою міндетімен шектелмей, Қытай жеріне өткендердің соңынан куып барып, қырып салып отырды. Голощёкин Ресей мен Орталық Азиядағыдай Қытайға да бай-кулактар көшіп жатыр деп айтудан жалықпады. Кеңес үкіметінің жазықсыз айыптаулары мен озбырлықтарыңа шыдамай жеке бастары Қытайға өтіп кетіп, соңынан отбасы мүшелерін, туыстарын көшіріп әкету үшін қаруланып шекарадан қайта өткен қазақтарды «бандылар» деп жариялады. Мұндағы ойы босқын қазақтарды жек көрінішті, қылмыскер ретінде көрсетіп, катаң да шұғыл жазалау шараларын өрістету еді.

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. - 493 000-нан көп 1979 ж. - 898 000 шамасында 1982 ж. - 927 000 1985 ж. - 994 000 1990 ж. - 1 500 000 2005 ж. - 1 млн. 596 мыңнан 2 млн. 500 мыңға дейін



Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (орталығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң) және Тарбағатай (орталығы Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек, қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданы. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% – 1962 жылдан кейін және 50% – «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% – жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді . 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% . 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАО тұрғындарының көпшілігі Бейжің(Пекин), Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет