Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария) Мамандығы



бет11/11
Дата06.01.2022
өлшемі46,64 Kb.
#11476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сик 111

Ауғанстандағы қазақтар

Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40-жылдарыңда пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары хан мен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Кейінірек оларға патша үкіметінің отаршылдық баясатына наразы қазақтардың тобы барып қосылды. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде Ауғанстандағы қазақтардың саны 2 мындай болды.



Сонымен, XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде шекаралас көрші мемлекеттердің аумағында қазақ халқының едәуір бөлігі тұрды. Рас, олардың бірқатар бөлігі ол жерлерді ежелден бері мекендейтін. Ал енді бірқатары қуғын-сүргін (катаклизм) кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған еді.

1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.

Қорытынды

Осы тақырыпты қорыта келе, қазақ халқы біздің ата-бабамыз оңай күн шекпегендігіне көз жеткіздік. Бастарынан ашаршылық, қуғын сүргін, тіпті орыс халқының қазақ жеріне ауа көшуі қазақ халқына өте ауыр тиді. Қуғын сүргін кезінде, қазақтар шекарадан асып өткенде, қазақтардың құнарлы да көрікті жерлері орыстардың қолына тиіп отырған. Олар оны тез пайдалана білді. Қызыл шекарашылар шекарадан өткізбей қою міндетімен шектелмей, Қытай жеріне өткендердің соңынан куып барып, қырып салып отырған еді. Голощёкин Ресей мен Орталық Азиядағыдай Қытайға да бай-кулактар көшіп жатыр деп айтудан жалықпады. Кеңес үкіметінің жазықсыз айыптаулары мен озбырлықтарыңа шыдамай жеке бастары Қытайға өтіп кетіп, соңынан отбасы мүшелерін, туыстарын көшіріп әкету үшін қаруланып шекарадан қайта өткен қазақтарды «бандылар» деп жариялады. Мұндағы олардың ойы босқын қазақтарды жек көрінішті, қылмыскер ретінде көрсетіп, катаң да шұғыл жазалау шараларын өрістету еді. Міне, басты қиыншылық осында жатыр. Патша үкіметі кезінде отарлау ісіне әскерилер, казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелері белсене атсалысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға, әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты. Олар биліктің жергілікті жердегі тірегіне айналды. Патша үкіметі славяндық элементтерді көбейте отырып, жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратуды көздеді. Оларға қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып беріліп, салық т.б. әлеуметтік салада жеңілдіктер жасалды. Қазақ өз жерінде отырып, жерден тарлық көрді.Кеңес үкіметі тұсында жаппай қоныс аудару саясаты соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы депортация, тың игеру, өнеркәсіп орындарын салумен қатар жүріп, славян тектестер және әр түрлі ұлт өкілдері келіп Қазақстанды «ұлттардың қайнаған қазанына» айналдырды. Қазақ өз жерінде аз ұлтқа айналды. Оның тілдік, әлеуметтік, рухани саладағы зардаптарын әлі күнге дейін көріп келеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т./ Алматы: Атамұра, 2012. — 352 бет

  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл

  3. «Қазақстан тарихы»(ХХ ғасырдың басы-бүгінгі күнге дейін). Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. М. Қозыбаев, К. Нүрпейіс / Алматы «Мектеп» 2013 – 80 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет