Тақырып:Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту методикасы пән сыпатында, пәнаралық байланыс. Жоспар: Математиканы оқыту методикасы.
Математика пән сыпатында.
Пәндермен байланысы.
Математика оқыту методикасы ең алдымен кіші жастағы оқушыларды жалпы жүйеде оқыту мен тәрбиелеу міндетін қояды.
Жалпы методика бастауыш сынып математикасының мазмұны мен жүйелілігін көрсетеді, әрбір бөлімді оқытудың өзіне тән методтарын үйретеді.
Жеке методика математиканы оқытудың негізделген методтарын және оқытудың формаларын, сондай-ақ, оқу қызметін ұйымдастыру жолдарын ашып береді. Оқыту мен тәрбиелеудің бір-бірімен тығыз байланыстылығы белгілі. Бұл методика оқытуды тәрбиелеумен бірге жүргізу жолдарын үйретеді.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту методикасы бірнеше пәндермен байланысқан:
1) оқытудың негізі болған математикамен;
2) педагогика;
3) психология;
4) басқа да оқыту методикаларымен (ана тілі, еңбек...).
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту курсы оқу предметіне айналған.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту методикасының оқыту міндеттері: а) тәлім-тәрбиелік және практикалық міндеттерді жүзеге асыру;
б) теориялық білімдер жүйесін үйрену процессін ашып беру;
в)оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарын үйрету;
г) білімді адамиландыру;
д) математиканы оқыту барысында адамды еңбексүйгіштікке, өзінің қадір-қасиеті, бір-бірін құрметтеу тәрізді қасиеттерді тәрбиелеуді көрсету;
е) оқыту методикасы I-IV сынып математикасының жалғасы болған V-VI сынып математикасының мазмұнымен байланыстырып оқытудан тұрады.
Бастауыш математика курсының міндеті мектептің алдына қойылған “оқушыларға пән негіздерінен терең білім беруде жаңа технологияны пайдалану, оларға қазіргі заман әлеуметтік-экономикалық білімдерді беру, кәсіпке, өнерге қызықтыру, саналы түрде кәсіп таңдауға үйрету” сияқты міндеттерді шешуде жәрдем беруден тұрады.
Сөйтіп, кез келген басқа оқу пәні сияқты математиканың бастауыш курсын оқытудың мақсаты төмендегідей үш жолмен белгіленеді:
1. Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаты;
2. Математиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты;
3. Математиканы оқытудың практикалық мақсаты.
Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаты өзінің алдына төмендегі міндеттерді жүктейді:
а) оқушыларға белгілі бағдарлама негізінде математикалық білім беру. Бұл білім математика пәні туралы оқушыларға жеткілікті мәлімет беру, оларды математика пәнінің жоғары бөлімдерін үйренуге дайындау қажет. Бұдан тыс, бағдарлама негізінде оқушылар оқу барысында алған білімдерін сенімді екенін тексеруді және бақылаудың негізгі методтарын үйренуі тиіс;
б) оқушылардың ауызша және жазбаша математикалық білімдерін құрастыру қажет болады.
Математика сабағы– математика пәнінің ӛзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың ӛзіндік кӛрінісі, дербес түрі. Сондықтан бастауыш мектептегі математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады.
Математика сабақтары ең алдымен, оқушыларды математикалық білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырады, яғни ол білімдік міндет атқарады. Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын жұмыстың түрлері, оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелік міндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.) орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы ӛмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалық міндеттерді де атқарады.
Әдебиеттер: 1. Jumaev M.E. Matematika o’qitish metodikasi. (OO’Yu uchun darslik.) Toshkent. “Turon-Iqbol”, 2016 yil. 426 b.
2. Jumaev M.E. Tadjieva Z.G’. Boshlang’ich sinflarda matematika o’qitish metodikasi. (OO’Yu uchun darslik.) Toshkent. “Fan va texnologiya”, 2005 yil.
3. Jumaev M.E. Boshlang’ich sinflarda matematika o’qitish metodikasidan praktikum. (OO’Yu uchun o’quv qo’llanma ) Toshkent. “O’qituvchi”, 2004 yil.
4. Jumaev M.E. Boshlang’ich sinflarda matematika o’qitish metodikasidan laboratoriya mashg’ulotlari. (OO’Yu uchun o’quv qo’llanma) Toshkent. “Yangi asr avlodi”, 2006 yil.
5. Tadjieva Z.G’., Abdullaeva B.S., Jumaev M.E., Sidelnikova R.I., Sadikova A.V. Metodika prepodavaniya matematiki.–T.:Turon-Iqbol,2011. 336 s.
6. Qosimova K., Matjonov S., G’ulomova X., Yo’ldosheva SH., Sariev SH. Ona tili o’qitish metodikasi. –T.: Nos’hir, 2009. – 163 b.
7. G’ulomova X., Yo’ldosheva SH., Mamatova G., Boqieva H., Masharipova U., Sattorova X. Husnixat va uni o’qitish metodikasi. –T.: TDPU, 2013. – 70 b.