тақырып "Бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихы" Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы



бет9/12
Дата28.10.2022
өлшемі94,91 Kb.
#45946
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бух есеп негіздері дәрістер

2. Екі жақты жазу
Әр шаруашылық операциясы кем дегенде баланстың екі бабын қозғайды. Осы тәсілде әр шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен - дебеттің бір шотында және кредиттің басқа шотында жазылады. Яғни бір операцияның екі шотта жазылуын екі жақты жазу дейді. Шаруашылық операциясымен бейнеленген екі шоттың байланысы шоттар корреспонденциясы, ал шоттардың өзін корреспонденттелетін деп атайды. Шаруашылық операцияларының сомасын бухгалтерлік шоттар арқылы көрсету бухгалтерлік проводка делінеді.
Алдында көрсетілген баланс өзгерісіне әкелетін шаруашылық операциясын қарастырайық.
1 -Операция
Қолма қол ақшаға құны 30 мың теңге тұратын материал сатып алынды.
Мынандай бастапқы құжаттар рәсімделеді:

  • материалды сату-сатып алуды және оның келісім құнын растайтын счет-фактура

  • стаушыдан сатып алушыға материалды беруді растайтын накладной

  • материал құнын төлегені туралы шығыс касса ордері.

Осы операцияны бухгалтерлік шоттарда көрсету үшін балансты қарайық, яғни жинамалы 1310 шотта 200 мың теңге, ал 1010 шотта -150 мың теңге қалдық бар екен.





Операция мазмұны

1.01.06ж қалдық

Қаңтар айының айналымы

5.01.06ж қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

І

1010

150000







30000

120000




2

1310

200000




30000




230000






2-Операция
Құрылтайшылардың құжаттарына сәйкес компанияның 50 мың теңге мөлшеріндегі бөлінбеген пайдасы резерв капиталын құруға жіберілді.
Бұл шаруашылық операциясы пассивті шоттың екі корреспонденттелетін шотын қозғайды:

  • Бөлінбейтін пайда 50000 теңгеге кемиді, яғни, «Табыс» шоты дебеттеледі, себебі кему пассивті шоттарда дебет жақта көрсетіледі.

  • Резерв капиталы 50000 теңгеге ұлғайды, яғни, «Резервтік капитал» шоты кредиттеледі, себебі пассивті шоттарда ұлғаю кредит жақта көрсетіледі.

Енді шаруашылық операцияларын тіркейтін журналды толтыру қажет және бухгалтерлік проводка салу керек. Алдымен «Табыс» шотын ашып онда бастапқы қалдық 200000 теңге екенін білеміз, ал «Резервтік капиталдың» бастапқы қалдығы жоқ.
Енді осы шоттарда жоғарыдағы операцияларды көрсетейік.






1.01.06ж. қалдық

Қаңтар айының айналымы

1.02.06ж. қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

1

5410




200000

50000







150000

2

5310










50000




50000



3-Операция
Компания 90 мың теңгеге артынан төлеуге келісіп материал сатып алды.
Бұның корреспонденция шоты келесідей болады:
Д-т 1310 К-т 3310 – 90000 теңге




5.01.06ж. қалдық

Қаңтар айының айналымы

7.01.06ж. қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

1310

230000




90000




320000




3310




200000




90000




290000



4 операция
Кәсіпорын кассасынан жеткізушілерге алдында алынған материалға 40 мың теңге төледі.
Бұл шоттың корреспонденциясы келесідей болады:
Д-т 3310 К-т 1010 – 40000 теңге




7.01.06ж. қалдық

Қаңтар айының айналымы

1.02.06ж. қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

3310




290000

40000







250000

1010

120000







40000

80000




5- операция
Өнімді сатып алушылардан есеп айырысу шотына артылған өнім үшін 130000 теңге ақша түсті.
Шот корреспонденциясы келесідей болады:
Д-т 1040 К-т 1210 – 130000 теңге




1.01.06ж қалдық

Қаңтар айының айналымы

1.02.06 қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

1040

150000




130000




280000




1210

200000







130000

70000




Шаруашылық операцияларын тіркейтін журнал көрсетілген проводкалар бойынша келесідей тұрпатта болады:



Күні

Құжат


Д-т

К-т

Сома

Шаруашылық операциясы

Талдамалы шот

Д-т

К-т

1

4.01

Шот ф №3 нак 3, ШКО № 2

1310

1010

30000

Қолма-қол ақшаға алынған материал

Ткань, штор

ЖШС«Аян»

2

5.01

Құрылтай құжаттарының көшірмесі;Бухгалтерлік справка

5410

5310

50000

Бөлінбейтін пайда РК құруға жіберілді







3

6.01

Шот –ф №6, нак №6

1310

3310

90000

Төленбеген материал түсті

Матрац

ЖШС «Сая»

4

8.01

ШКО №8

3310

1010

40000

Материалға қолма-қол төленді

ЖШС «Сауран»




5

9.01

Банктің үзінді көшірмесі № 12

1040

1210

130000

Товар үшін төлем түсті




ЖШС «Сан»

Екі жақты жазуды кеңірек қарастыру үшін, шаруашылық операциялары шоттарының корреспонденциясын құрайық:


Кесте № 5



Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сома, теңге

Корреспонденция

Дебет

Кредит

1

Жабдықтаушылардан түскен шикізат пен материалдар
15% ҚҚС

32000
4800



1310
1420



3310




2

Негізгі өндіріске босатылған материалдар

19000

8011

1310

3

Есеп беретін тұлға аванстық есеп ұсынды
Артық ақша кассаға қайтарылды

100
18

1315
1010

1250
1250

4

Жалақыдан жеке табыс салығы ұсталды

1600

3350

3120

5

Ағымдағы шоттан кассаға ақша алынды

19400

1010

1040

6

Бюджетке ағымдағы шоттан өзге салықтар аударылды

4600

3190

1040

7

Кассадан еңбекақы төленді

13400

3350

1010

8

Жеткізушілердің берешегі үшін ағымдағы шоттан аударылды

10600

3310

1040

9

Негізгі өндіріс мақсатына босатылған отын

1470

8011

1312

10

Қысқа мерзімді алынған қарызды өтеу үшін ағымдағы шоттан аударылды

35000

3020

1040

11

Кассадан есеп беретін тұлғаға берілді

30

1250

1010

12

Ағымдағы шотқа қысқа мерзімді қарыз алынды

120000

1040

3020

13

Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешекке ағымдағы шоттан аударылды

3500

3390

1040

14

Өзге дебиторлардан ағымдағы шотқа түсті

3852

1040

1280

15

Аяқталмаған өндірістің қалдығы негізгі өндіріс шығындарына есептен шығарылды

60000

8010

1340

16

Өнімнің өзіндік құнын есептеу үшін материалдық шығындар негізгі өндіріс шығындарына аударылды

20470

8010

8011

17

Негізгі өндірістен шыққан дайын өнім

60470

1320

8010

18

Аяқталмаған өндіріс қалдығы негізгі өндіріс есебінен шығарылды

20000

1340

8010

Шоттар бойынша есептелген соңғы қалдықты баланстың баптарының сәйкес шоттарына көшіреді.


6 Дәріс.
Бухгалтерлік есепті құжатпен рәсімдеу. Бухгалтерлік есеп жұмысының принциптері.Түгендеу мен оны жүргізу тәртібі.


1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізінің әдістемесі және құқығы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізінің әдістемесі, құқығы және оның принциптері:

  • ҚР Азаматтық кодексімен

  • Халықаралық қаржылық есеп стандартымен

  • Бухгалтерлік есеп стандарттарына арналған әдістемелік нұсқауларымен

  • Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарымен

  • Жұмыс жоспарына арналған нұсқаулық әдістемелерімен

  • Есеп саясатымен анықталады.

Осы құжаттарда тәжірибеде қолданылатын бухгалтерлік есептің жүргізу талабы және ережесі, негізгі нормалары қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет