4. Бухгалтерлік баланс. Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері.
4.1. Бухгалтерлік баланс.
4.2. Шаруашылық операцияларының түрлері және олардың бухгалтерлік балансқа әсері
Ұйымды құрар кезде оның барлық экономикалық ресурсы құрылтайшылар салымы /бөлінген/ салынған меншікті капитал сомасына тең. Құрылтайшылардың ұйымды құрар кездегі бөлген капиталы жарияланған капитал деп аталады, оның мөлшері /сомасы/ құрылтай құжаттарында белгіленеді. Құрылтайшылар белгілеген жаряланған капиталдың сомасы ақшалай қаражат, товар, негізгі құрал және басқада мүлік түрінде, яғни компанияның активі деген жалпы атаумен салым ретінде салынады. Бұндай кәсіпорынның қаржылық жағдайын мынандай Актив= Капитал теңдеуімен сипаттауға болады.
Компания қызмет барысында құрылтайшылардың қаржы салымдарын пайдаланып және қосымша басқалардың /қарыз/ қаржы құралдарын тартады. Осылай, ұйымда қосымша экономикалық ресурс немесе актив және міндеттемелер пайда болады. Міндеттеме- бұл бір тұлғаның басқа тұлғаның /кредитор/ пайдасына белгілі қызмет: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу, яғни есеп айырысу немесе белгілі қызметтен бас тарту міндеттемесі. Кредитор басқа тұлғадан оның міндеттемелерінің орындалуын талап ете алады.
Кәсіпорынның осындай қаржылық жағдайы Актив = Капитал + міндеттеме теңдеуімен бейнелеуге болады.
Бұл теңдеуді баланстық деп атайды, себебі бұл компания балансының құралу негізі болып табылады.
Бухгалтерлік баланс- кәсіпорынның мүлкі мен олардың пайда болу көздерін ақшалай бағамен белгілі күнге экономикалық топтастыру әдісі.
Баланс сырттай екі жақты таблица түрінде бейнеленген, сол жағы актив, оң жағы пассив деп аталады.
Баланстың актив жағында шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы және пайдалануы, пассив жағында шаруашылық құралдарының құралу көздері және олардың мақсатты пайдалануы жазылады.
Баланстың активі мен пассиві тең. Баланс баптары өтімділігі бойынша орналастырылып, 5 бөлімнен тұрады:
Қысқа мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді активтер
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Капитал
Активтің немесе пассивтегі оның құралу көздерінің жекелеген әр қаражат құралдарының түрлері баланстың баптары деп аталады. Баптар баланстың белгілі бір жолдарында бейнеленеді.
Актив пен пассивтің барлық баптарының жалпы жиыны валюта немесе баланс теңдеуі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |