Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет18/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89
Тепе- теңдік баға– бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.






Теңдік бағаның өзгеруі

Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі

Сұраныстың өсуі

Өсуіне

Өсуіне

Сұраныстың азаюы

Төмендеуіне

Азаюына

Ұсыныстың азаюы

Өсуіне

Азаюына

Ұсыныстың өсуі

Төмендеуіне

Өсуіне

Икемділік- бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша пайызға өзгеретінің анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш пайызға өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі– тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады. Мұнда ЕPD - сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті; ∆ Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі; ∆Р% - бағаның қатысты өзгеруі.











ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі молаяды және жалпы түсім өседі.

ЕPD < 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгерісі шамалы болады және жалпы түсім азаяды.

5.6. сурет.- Икемді сұраныс.

5.7.сурет.- Икемсіз сұраныс.








ЕPD = 1, бағаның өзгеруі сұраныстың өзгеруімен тең болады. Жалпы түсім өзгермейді.

ЕPD = ∞, бағаның тұрақтылығы сұраныстың өсуіне әкеледі.

5.8.сурет.- Бірлік икемді сұраныс.

5.9.сурет.- Абсолюттік икемді сұраныс.





ЕРD=0, баға өзгергенмен,
сұраныс тұрақты қалыпта қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет