Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет16/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

3. Бәсеке мәні. Еркін бәсеке.
Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық жағынан неғурлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.
Бәсекенің түрлері:
1. Жүргізу әдісіне қарай (бағалық- бағаны төмендету арқылы, бағасыз бәсеке- сапасы, жарнама, сервис көрсету арқылы);
2. Ниет тәсілдері бойынша (адал және ниетсіз бәсеке).
Бәсекенің формалары: жетілген және жетілмеген (монополистік бәсеке, олигополия, монополия).

Нарыққа кіру мен шығудың біршама оңайлығы




Монополияға кіру кедергілері: лицензия нарықта белгілі бір ерекше іс- әрекетпен айналысу үшін фирмаға берілген құқық, тауар белгісі фирманың тауарын немесе қызметін тануға қойылған ерекше белгі, авторлық құқық- әдеби ғылыми туындылар авторын анықтайтын және оларды сатуға, лицензия пайдалануға берілетін ерекше құқық. Патент өнертапқышқа ерекше авторлық құқығын куәландыратын құжат немесе саудамен, кәсіпшілікпен шұғылдану құқығын беретін құжат.


5 ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ТАБЫСЫ.

1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар.


2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар. Нарық тепе-теңдігі.
3. Өндіріс шығындары. Масштаб эффектісі.
4. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар.

1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал етуші факторлар


Сұраныс- тұтынушының қажеттілігіне байланысты белгілі- бір тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіншілігі. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың сапасын құрайды.
Сұраныс заңы– тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы– бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 6.1. суретте көлденең осьте - сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р)– тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).







Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді



Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі, ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға-жоғары (өсуі); солға- төменге (азаюы)

5.1.сурет.- Сұраныстың қисығы.

5.2. сурет.- Сұраныс қисығының жылжуы.

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, яғни сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

  2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

  3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

  4. Бірін бірі алмастыратын және бірін- бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауар (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі. Егерде тауарлар бірін- бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауар (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

  5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет