Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал етуші факторлар. Нарық тепе-теңдігі. Ұсыныс– бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны.
Ұсыныс заңы– бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Суретте ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (D). Қисық сызық (S) шығып келе жатқан бағытта болады.
Р S
Р2
A
Р1B Q1Q2 Q
Р S1
S S0 Q
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді
Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді:оңға- төменге ( өсуі), солға –жоғары азаюы)
5.3.сурет.- Ұсыныстың қисығы.
5.4.сурет.- Ұсыныс қисығының жылжуы.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
Бірін-бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауар бағасының өзгеруі.
Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлар өзгерістерін күту.
Бәсекенің деңгейі.
Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі– ұсыныстың өсуіне әкеледі.
Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді
Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі.
Нарықтағы тепе- теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Мұнда: Е – сұраныc пен ұсыныс қисығының қиылысқан, тепе-теңдік нүктесі,
РЕ –теңдік баға,
QЕ – теңдік көлем.
Егерде нарықтық баға– Р1 теңдік бағадан- Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.