S Мұнда: R – рента, S – несие пайызы ЖБ – жер бағасы.
Кәсіпкерліктің табысы– пайда Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Пайда бұл:
Пайданы бөлу: кәсіпорындағы қалдықты, бюджетті және бюджетті емес қорларға, банктерге пайызды төлеу. Пайданы қолдану мыналар арқылы жүргізіледі: тұтыну (дивидендтер, материалды көмек), жинақтау, әлеуметтік мұқтаждыққа, қаржылай салым, шығындарды жабуға.
Пайданы есептеу әдістері мен түрлері:
1. Жалпы пайда = жиынтық табыс – өндіріс шығындары
2. Экономикалық пайда = жиынтық табыс – барлық ресурстарға экономикалық шығындар
3. Бухгалтерлік пайда = жиынтық табыс – айқын шығындар
4. Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда – өндірістін айқын емес шығындары
5. Таза пайда = жалпы пайда – салықтар, міндетті төлемдер
6. Шаруашылық пайда = қалыпты пайда + экономикалық пайда
7. Шекті пайда = шекті табыс – шекті шығындар
Сонымен, жалақы, пайыз және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар.
Бірақ та, жалақы, пайыз және рента қайсы бір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.
6 ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.
1. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің (ҰЕЖ).
2. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі.
3. Экономикалық өсудің түсінігі, типтері және факторлары.
1. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық есептеу жүйесінің (ҰЕЖ). Макроэкономика- бұл ұлттық экономиканы тұтастай зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі. Макроэкономиканың негізін қалаған ағылшын ғалымы Дж.М.Кейнс болды. Ол 1936 жылы «Жұмыспен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі арқылы әлемге әйгілі болды. Кейнс дағдарыс жағдайында нарықтық механизм әлсіз, дағдарыстан шығу үшін мемлекеттін экономикаға араласуы қажет деп түсінді. Сөйтіп макроэкономикалық мәселелерді еңбегінде қарастырған.
Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономикалық аспектіде қоғам қол жеткізуге тырысатын төрт басты мақсаттар ерекшеленеді:
Әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсер етуімен келетін өзгерістер мен баяу ұлттық ауқымдағы өндірістің тұрақты өсуі.
Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін рыноктық бәсекелестік негізінде белгіленеді және өте тез қарқынмен көтерілмейді деп болжанады.
Жұмыспен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейі. Мамандық алғысы келетін және таңдаған мамандығы бойынша жұмысты іздеген адамның барлығы оны табады. Сонымен бірге, қызметкерді қандай да бір кәсіпорынға міндетті бекіту болмайды.
Сыртқы саудалық баланстың теңдігін қолдау. Импорт пен экспорттың арасындағы салыстырмалы тепе– теңдік болжанады.
Өндірістің ұлттық көлемінің көрсеткіштері болып табылатыңдар: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ).
ЖҰӨ – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда ЖҰӨ – бұл мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетудің біржылдық нарықтық құны.
Экономикалық теорияда ЖҰӨ номиналды (әлеуетті) және нақты түрге бөлінеді.
Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номиналды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды ЖҰӨ-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.