Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
2. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі.
Макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
Р
АS
Е
Ре
АD
Qе Q
1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:
- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;
- өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.
2. Егер АД<АS, бұл жағдайда:
- өндірісті қысқарту қажет болады;
- өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.
Мұнда, Р – бағаның жалпы дәрежесі, Q – тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.
6.2сурет.- Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.
Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызық өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АD2 - өсуі) немесе солға (АD1 - азаюы) жылжуына әкеледі.