Халықаралық валюталық қатынастар - ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
Әлемдік шаруашылық- елдердің ұлттық шаруашылықтары әр түрлі байланыстармен (экономикалық, техникалық, ғылыми, мәдени, т.б.) халықаралық еңбек бөлінісі негізінде біріктірілген ғаламдық экономика.
Халықаралық еңбек бөлінісі-бұл әлем елдерінің қандай да бір өнім түрін өндіруге мамандануы және оны дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайы болуы.
Халықаралық сауда – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген және экспорт пен импорт арқылы жүзеге асатын халықаралық экономикалық қатынастар формасы.
Халықаралық сауданың көлем көрсеткіштері:
-сыртқы сауда айналымы=Экспорт+Импорт;
-сауда байланысы (сауда балансы айырмасы)=Тауарлар экспорты мен импортты айырмасы.
Белсенді сальдо-экспорттан тускен табыс сомасының импортқа кеткен шығыннан артық болуы.
Енжар сальдо-импортқа кеткен шығын сомасының экспорттан тускен табыстан артық шығуы.
Экспортты квота-экспорт шектеулі болған жағдайда экспортқа шығаруға рұқсат етілетін тауарлар саны.
Экспортты әлует-белгілі бір елді әлемдік рынокта –өз экономикасына шығын келтірмей сататын өнім улесі.
Халықаралық сауданы тиімділігі екі турлі көзқараспен бағаланады: