Келісімшарт кәсіпкерлік мәмілелерді жүзеге асыру заңдылығын қамтамасыз ететін жетекші механизм болып табылады. Кәсіпкерлердің (ұйымдардың) барлық шаруашылық серіктестермен жасалатын келісімшарттары, кәсіпорындар қызметін реттеудің жетекші түрлерінің бірі болып табылады. Келісімшартты жасау барысында міндеттемелердің орындалу мерзімін, қамтамасыз ету түрін (тұрақсыздық айыбы, кепілзат, ұстап қалу, кепілдендіру, банктік кепілдеме, алдын ала төлем) және орындалу орнын қарастыратын, келісімшарт мәнінен шығатын міндеттемелерді орындау туралы ережелер ерекше маңызға ие болады. Келісімшарт туралы жалпы сипаттама 23-суретте көрсетілген.
Келісімшарт тараптардың құқықтарын, міндеттемелері мен жауапкершіліктерін бекітетін заңды құжат (егер ол заңға сәйкес құрастырылса). Егер келісім жасалғаннан кейін жаңа заң қабылданып, келісімшарт жасалған кезге қарағанда тараптар үшін басқа ережелер белгіленген болса, бұрынғы келісімшарт өз күшін сақтап қалады. Әдетте, келісімшарт жасау тараптардың келісімі ретінде үш сатыдан тұрады: жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы.
Келісімшарт бір тарапқа екінші тараппен оферта(келісімшартты жасау туралы ұсыныс) және акцепті (осы ұсынысты қабылдау) жіберу арқылы жасалады.
Оферта – бұл бір немесе бірнеше тұлғаға келісімшарт жасауға жіберілген ұсынысы қабылданған жағдайда, ұсыныс жасаушының адресатпен келісім жасалғанын білдіретін шешім.
Акцепт – бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдаутуралы жауабы (коммерциялық ұйымның, дара кәсіпкердің). Акцент толық және сөзсіз қабылдануы керек.
Офертада акцепт үшін мерзім көрсетілсе, егер акцепт офертаны жіберген тұлғамен, онда көрсетілген мерзімде алынса, келісімшарт жасалған болып саналады. Егерде тараптар келісілген түрде келісімшарт жасау туралы келісімге келсе, ол осындай түрде жасалған болып саналады. Келісімшартта оның жаалған жері көрсетілмегендіктен, келісімшарт кәсіпкердің тұрғылықты жерінде немесе офертаны (келісімшарт жобасын) жіберген коммерциялық ұйымда жасалды деп саналады. Егер басқаша көрсетілмесе, келісімшарт сауда жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Келісімшарт аукцион немесе конкурс түрінде де жасалады. Сауданы жүргізуді жеңіп алған тұлға, және сауданы ұйымдастырушы конкурсты немесе аукционды өткізу күні кезінде келісімшарт күші бар сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Келісімшартты өзгерту немесе бұзу. Азаматтық кодекспен, заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі арқылы жүзеге асады. Келісімшарт тараптарының бірінің талабы бойынша келісімшарт сот шешімі арқылы келесідей жағдайларда ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады: келісімшартты бір тарап бұзған жағдайда, Азаматтық кодекспен, басқа да заңнамалық актілермен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Егерде келісімшартты орындауға тараптардың біржақты бастартуы болған ( келісімшарттан толығымен немесе жартылай бас тарту ) жағдайда келісімшарт өзгертілген немесе бұзылған болып танылады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы келісім заңнамамен, келісімшартпен, яғни келісімшарт түрінде жасалады. Келісімшартты өзгерту немесе бұзу туралы талап келісімшартты өзгертуге немесе бұзуға басқа тарап бас тартқан жағдайда, сотқа өтініш берілгеннен кейін немесе келісімшартпен немесе заңнамен орнатылған мерзімде жауап ала ламағаннан кейін, ал ол болмаған жағдайда отыз күн ішінде қойыла алады.
Шаруашылық тәжірибеде алуан түрлі типтегі келісімшарттарды жасау қажеттілігі кездеседі және соларға сейкес алуан түрлі келісімшарттық міндеттемелерді ұстануы тиіс.
Келісімшарт тараптары арасында келісімге келу мәні бойынша келісімшарттардвң келесі түрде бөлінген: сатып алу-сату, бөлшек сауда жүйесінде сату-сатып алу, тауарларды тасымалдау, энергиямен жабдықтау, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сату, сыйлау, рента, жалға алу, үйлер мен ғимараттрады жалға алу, қаржылық жалға алу, жүкті тасымалдау, көлік экспедициясында жолаушыларды тасымалдау, несиелік келісімшарт, қарызға беру, комиссия келісімшарттары және т.б. Және де мұнда банктік шот, несиелеу мен сақтандыру келісімшарттары қызмет түрлеріне байланыссыз кез келген кәсіпорынмен (кәсіпкермен) жасалады.