Байланысты: ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс
3 Франчайзинг – ірі және шағын кәсіпкерліктің араласқан формасы, жалға беру, сату-алу, подряд, уәкілдік элементтерін біріктіретін өзара тиімді серіктік қатынастар жүйесі, бірақ заңды тұлға статусындағы шаруашылық субьектілерінің келісімдік қатынастарының дербес формасы болып қала береді. Яғни, франчайзинг жағдайында серіктерінің бірі сауда маркасын, бизнесті жүргізу технологиясын және тұрақты кеңес берумен айналысса, екіншісі – аталған интеллектуалды меншікті өз бизнесін құру мақсатында пайдаланады.
Ірі (корпорация, фирма т.б.) және шағын кәсіпорындардың өзара қатынасы франчайзер (ірі кәсіпорын) мен франчайзи-оператор (шағын кәсіпорын) арасындағы франчайзинг келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шартта франчайзер (компания) шағын фирманы өз тауарларымен, жарнамалық қызметпен, бизнестің дайын технологиясымен қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Ал франчайзи (фирма) франчайзерге жергілікті жағдайларды ескеріп менеджмент және маркетинг аясында қызмет көрсетуге, өз қаражатының бір үлесін компанияға құюға міндеттеме алады.
Франчайзер – бизнесті жүргізу құқығын (франшиза) беретін тұлға. Көбіне мұндай компанияның тиісті өнім өндірісінде көп жылдық тәжрибесі болады, дамыған бизнес жүйесіне өз атын және тауар белгісін береді және табысқа қандай жағдайларда жетуге, қандай жағдайларда зиян шегетіндігі туралы білімі болады.
Франчайзи–бизнес жүргізу құқығын (франшиза) франчайзердің атымен немесе сауда маркасымен сатып алушы, яғни табысқа жете алатын жаңа кәсіпорын ашу мүмкіндігін алады.
Франшиза–франчайзердің сауда маркасымен жұмыс істеу құқығы, бизнесті жүргізу және ұйымдастыру технологиясы, бизнеске кеңестік, маркетингтік және т.б. қолдаулар.
4 "Startup" туралы қарапайым түсінік 1939 жылы Америка Құрама Шататтарындағы Стэнфорд университетінің түлектері Дэвид Паккард пен Ульям Хьюлетт идея ойластырып, оны тәжірибеде сынап көрген. Жобаларына "Startup", яғни бастау, іске қосу деген мағынадағы атау берген. Ал 90-жылдары қаржы мамандары мен кәсіпкерлер "Startup" терминіне қатысты түрлі пікір айта бастады. Бірі компанияның аз уақыттағы қызметі, енді бірі тез даму, тағы бірі тәуекелге бел буа отырып өнім шығару, қызмет көрсету дегенді білдіретіндігін айта бастады.
"Startup" – ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған уақытша құрылым. Тез дамып, көп пайда табуды мақсат тұтқан жаңа қаржылық жоба» деген анықтама берілген. Бұл пікірге сүйенсе, кез келген істі Startup деп атауға тура келеді.
Дегенмен "Startup" – алғаш қолға алынған жаңа бастама. Бұл бәсекелік қабілет пен табысты арттырады. Мысалы, қарапайым кафе ашу стартапқа жатпайды, ал оның қызметінде бұрын-соңды қолданылмаған қандайда бір жаңа технологияны пайдалану оның тың бастама екенін көрсетеді.
"Startup": бастама және кедергілер енді ғана құрылған жас фирма ұсынатын өнім, қызмет, идеяны ойластыру және дамытумен мүдделес адамдардың тобы айналысады. Онда әркімнің өз міндеті болады, дегенмен оларды ортақ мақсатқа деген ұмтылыс байланыстырады. Қандайда бір жаһандық идеямен бастаған Startup ұзақ уақытқа созылған табысты бизнеске айналатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. "Startup" кез келген бастама сияқты бастапқы қаражатты талап етеді. Негізінен стартаппен жастар, студенттер, тіпті оқушылар айналысады. Олардың идеясы мықты болғанымен, көп жағдайда жүзеге асыратын қаражат тапшы екені белгілі. Сондықтан қаржыландыру көзін іздейді.
Сарапшылардың айтуынша, стартаперлердің алдында басты үш мәселе туындайды:
1. Қаржылай қолдау. Табысты кәсіппен айналысатын бизнесмендердің өздерін идеяны ұтымды жобаға айналдыруға болатынына сендіру қиын. Ал банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі оны ай сайын қайтару да қиын. Тіпті банктен несие алудың өзі тым күрделі процесс. Краудфандинг тәсілі, яғни жаңа жобаға көпшілік болып қаржылай көмектесу қоғамда толық дамымаған. Венчурлық қор жастар тобын қаржылай қолдағанға дейін көптеген талаптар қояды. Сондықтан стартаперлер көп жағдайда отбасы мен жақындарының қолдауына сүйенеді. Тіпті болмаса, бизнес-періштені – жобаны қолдап, кәміл сенім білдіретін қайрымды жанды іздеуге тура келеді.
2. Стартаптың даму уақыты. Стартап жай ғана даму емес, қарқынды дамумен сипатталады. Негізінен жоба 6-8 айда табыс әкелмейтін болса, ол жабылады. Бірақ кәсіп бастағандардың көбі жобаны ұзаққа созып, табыстың орнына шығынды көбейтіп алады.
3. Жобаны жүзеге асыру. Ірі өндірістік компанияларды қандайда бір инновациялық зерттеу немесе жаңа бастамамен қызықтыру қиынға соғады. Өндіріс циклын жаңа арнаға бұру – жобаның расымен де табысты, кәделі екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жасалады. Тұтастай өндірісті жаңа бағытта дамытудың қаупі жоғары болғандықтан, стартап-индустрияның деңгейі көтерілмейтіні анық.
"Startup": аз қаражат салынатын тың идея – өміршең Жастар өздігінен табыс табуға ынталанғанда аз қаражат салынатын, бірақ қоғамның қызығушылығын оятатын бағыттарға көп көңіл бөлуі керек. Фантазиясы мықты, идеясы соны жастар Youtube арнасын ашып, қызықты видеоконтент жасау арқылы табыс таба алады. Семинарлар, шеберлік-сыныптары, тренингтер, видео-сабақтар ұсына отырып, тартымды контент дайындауға болады. Сонымен қатар интернет-дүкен ашу қазірде жаңалық емес. Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланған жастар, сату, жеткізу жұмыстары арқылы бизнеспен айналысып отыр. Мобильді қосымша ойлап табу, онлайн режимде заңгерлік көмек беру, сайт жасау, мәтіндерді онлайн аудару секілді көптеген жұмыстарға бастапқы қаражат аса қажет емес.
"Startup": отандық стартаперлер жасағы Жастар тарапынан стараптар көптеп қолға алынуын қамтамасыз ету үшін "Атамекен" ҰКП ІТ-саласын таңдап отыр. Өйткені, ІТ-саласында көптеген бастамаларды қолға алуға болады. Бұл әлемдік мәнге әрі сұранысқа ие мамандық.
"Мемлекеттің цифрландыру үдерісі – бұл компанияларға жағдай жасап, технологиялық кәсіпкерлікке арналған тиімді экожүйе құру ғана емес, сонымен қатар адамдарға жаңа машықтарды, оның ішінде ІТ-мүмкіндіктерді үйрету болып табылады".