Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1.Новаторлық функция. Техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асыуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер, жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2.Ұйымдастырылған функция. Өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шарауашылық функциясы. Еңбек материалды қаржылық интелектуалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция. Қоғамға қажетті элементтің заңдар талабына сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция. Кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақсатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеке асыру.
2. Кәсіпорынның тұрақсыздығы
Қайта ұйымдастыру-бұл заңды тұлғалардың мұрагерлік қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның мүлкі мен істерін таратпай-ақ құқықтық жағдайын өзгерту.
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру қызметі етуді тоқтату тәсілі болып табылады.Ол келесідей нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін: бірігуі; қосылуы; бөлінуі; бөлініп шығуы; қайта өзгеруі.
Қайта ұйымдастыру құзіретті құрылтай құжаттары бар заңды тұлға органымен немесе оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша өткізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру үрдісінің маңызды элементі,олардың құқықтары мен міндеттерінің мұрагерлерін қамтамасыз ету болып табылады.Өйткені аталған үрдіс әмбебап құқықтық мұрагерлікке негізделген, ол мұрагерге қайта құрылатын заңды тұлғаның міндеттері мен құқықтарын шектемей,толығымен беруді қарастырады.Іс жүзіндегі пайдаланып жүрген заңнамамен қайта құрылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болатын заңды тұлғаға келесідей тәртіпте беріледі деп бекітілген:
қайта құрылу, бірігу мен қосылу кезінде-беру актісіне сәйке;
бөліну және бөлініп шығу кезінде-бөліну балансына сәйкес.
Бұл жағдайда,беру актісі мен бөліну балансындағы құқықтық мұрагерлік туралы ережеде, қайта құрылатын заңды тұлғаның барлық несие берушілер мен борышкерлерге қатысты міндеттемелері және басқа да тараптар алдындағы міндеттемелері толығымен қарастырылуы қажет.
Ұйымдардың бірігуі деп бір немесе бірнеше ұйымдардың барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен немесе олардың қызметін тоқтату арқылы жаңа ұйымның пайда болуын айтады. Ұйымдардың бірігуі кезінде олардың әрқайсысының барлық құқықтары мен міндеттері жаңа құрылған ұйымға беру актісі бойынша өтеді.
Ұйымдардың қосылуы деп басқа ұйымға барлық құқықтары мен міндеттерін бере отырып бір немесе бірнеше ұйымдардың өз қызметтерін тоқтатуын айтады.
Ұйымдардың бөлінуі деп қайта құрылатын ұйымдарға барлық құқықтары мен міндеттерін беру жолымен, ұйымның қызметін тоқтатуын айтады.
Ұйымның бөлініп шығуы деп қызметін тоқтатпай,қайта ұйымдастырылатын ұйымның құқықтары мен міндеттерінің бір бөлігін беру жолымен бір немесе бірнеше ұйымдардың құрылуын айтады.
Ұйымның қайта өзгеруі деп заңды тұлғалардың жеке ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары туралы ҚР АК ережелеріне сәйкес бір ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаның басқасына айналуын айтады.
Тіркеу органына тартуды тіркеу үшін келесідей құжаттар ұсынылады:
бекітілген нысан бойынша тарртуды тіркеу туралы өтініш (мемлекеттің үлестік қатысуы бар ұйым үшін-реестрұстаушының белгісі бар өтініш);
заңды тұлғаны тарату туралы шешімі (соттың,құзіретті органның,заңды тұлға мүлкінің иесінің және т.б шешімі);
құрылтай құжаттарының және статистикалық карточканың түпнұсқалары;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
таратуды тіркеу үшін алынған алымды төлегені үшін төлем құжатының түбіртегі немесе көшірмесі;
заңды тұлғаны тарту туралы және несие берушілер өтініштерінің мерзімі мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауды дәлелдейтін құжат. Заңды тұлғаны тарату туралы, сонымен қатар несие берушілермен өтініштерді ұсыну мерзімдері мен тәртіптері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми мерзімді басылымдарында жариялануы керек;
аралық тарату балансы,онда таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы,несие берушілер өтініштерінің тізімі, оларды талқылау нәтижелері туралы мәліметтер болады;
тарату балансы;
заңды тұлға мөрмен бекітілген тарату баланстары мен аралық тарту баланстарын бекіту туралы,заңды тұлғаны тарту туралы шешім қабылдаған органның немесе заңды тұлға мүлкі иесінің шешімі;
жоюға деген заңды тұлға мөрін қабылдау туралы ішкі істер органы анықтамасының түбіртегі;
бюджет алдында қарыздарының жоқтығы туралы салық органдарының анықтамасы;
акциялар шығаруды жою туралы құзретті органның ескертуі (өнерлік қоғамдар үшін).
Кәсіпорындардың (ұйымдардың) банкроттық механизмі Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады, ол арнайы процедураларды өткізу, төлем қабілетсіз борышкерді сауықтыру, заңды тұлғаны банкрот деп тану мен оны тарату, сонымен қатар таратудың соттан тыс процедурасын өткізі тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Төлем қабілетсіздік деп борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын, оның ішінде жалақыны төлеу бойынша талаптарын қанағаттандыра алмау қабілетін, сонмен қатар өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қанағаттандыра алмау қабілетін айтады.Егер де борышкер орындау мерзімінен бастап үш ай ішінде міндеттемелерін орындамаса, борышкер төлем қабілетсіз болып танылады.