Консервативті-кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғыру есебінен,сыртқы қарама-қайшылықтарға төзімділік пен ішкітұрақтылық күштерін құрайды;
Инновациялық-өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;
Бағалаушы-іс-әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.
Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы-құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу,ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:
Жалпы адами құндылықтар;
Елдегі өмір сүру сипатының ұлттық-мәдени және діни-мәдени стереотиптері;
Мінез-құлық нормалары мен ережелері,кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері;
Еңбекке,байлыққа,жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас;
Шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;
Елдің орналасу,ландшафтық,климаттық жіне оның жер көлемінің ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен,кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен,іскерлік этика деңгейімен ,іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады.Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірқатар сыртқы жіне ішкі факторлармен анықталады,олардың ішінде маңыздылары келесілер:
Ұйым қызметкерлерінің өз назарларын сыртқы міндеттерге аударуы-ашықтылығы,тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі,тұтынушылармен жақсы,өзара қарым-қатынастарда болуы;
Қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның аралық және шекті мақсаттарға жетуі барысында олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;
Ұйым қызметінің алдын ала жоспарларға сай жүруі,жеке бір қызметкерлер мен қызметкерлер тобы арасындағы тығыз ынтымақтастық;
Ұйымдағы инновациялық үрдістер,ұйымның инновациялармен қатар жүретін тәуекел деген құбылысқа дайын болу;
Корпоративтік мәдениет кәсіпорын ерекшеліктерін көрсететін,қйым мүшелерінің өзара пікір алмасулары,мінез-құлық,көңіл-күй сипаттары,қызмет жүргізудегі қарым-қатынастар мен механизмдер кешені ретінде анықталады.
Корпоративтік мәдениет өзара байланысты екі құрамдас бөлімнен тұрады.Біріншісі-ұйым мүшелерінің сыртқы,яғни көзге көрінетін мәдени өлшемдері:киім кию өнері,арнаулы белгілер,ұйымдық салт-дәстүрлер,жұмыс жағдайының қолайлығы және т.б.Екіншісі-кәсіпорын қызметкерлерінің мінез-құлқын анықтайтын,реттейтін құндылықтар мен т.б. көрсеткіштерді қамтиды.
Корпоративтік мәдениет негізінен екі фактормен анықталады:
Ұйым мүшелерінің кәсіпорынның негізгі құндылықтарын қабылдау дәрежесімен;
Ұйым мүшелерінің осы құндылықтарға адалдығы дәрежесімен.
Корпоративтік мәдениеттің қажетті деңгейін ұстап тұрудың қиындығы жаңадан идеялар мен кәсіби міндеттерді шешудің жеке тәсілдерін ғана емес ,өздерінің дербес құндылықтарын, көзқарастарын,сенімдерін алып келуінде.Қызметкерлердің жеке тұлғалық құндылықтары ұйым ішінде қалыптасқан мәдени құндылықтардың әсерімен ауытқуы мүмкін.Сондықтан,қызметкерлердің құндылықтары мен ұйым құндылықтарын мейілінше жақындату үшін ұйым басшылығы қызметкердің жеке басының құндылығы мен кәсіпорын құндылығының үйлесімділігін қалыптастыруға үнемі ықпал етіп отыруы қажет.
Ұйымдық,корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерінің ерекшеліктері кестеде көрсетілген.
Тәжірибеде ұйымдық,корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін сәйкестендіру олардың араласуына алып келеді.
Кәсіпкерлік қызметте барлық қабылданған заңдарды ұстану мәдениеттің басты элементу болып табылады.Өз жұмысы барысында ұйым мемлекетпен,қоғаммен,жабдықтаушылармен және тұтынушылармен,өз қызметкерлерімен алуан түрлі қатынастарға түседі.Осы жағдайларда оған кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама түрде әсер ететін қабылданған құқықтық актілерді, стандарттарды,ережелерді,нормаларды қатаң ұстану қажет.