Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет52/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89
Салықтар – жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі.

  • Салық сипаты тұрғысынан:

    • Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар мен тұрғындар табысынан алынады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынатын салықтар жатады.

    • Жанама салықтар. Бұл салықтарды мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

      • Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

    • Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы– табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі

    • Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 11%)

    • Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді.

      • Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

    • Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлекеттік бюджетті реттеудің қайнар көзі болып саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) алынатын салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандағы салығы.

    • Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал- жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

      • Салық қызметтері:

    • Фискалды қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды.

    • Бөлу қызмет. Мемлекет қаржыны қайта бөлуді; әртүрлі топтардың арасында облыс, аудандар бойынша жүргізеді.

    • Реттеуші қызметі. Мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді.

    • Ынталандыру қызметі. Мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

    • Бақылап- есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

      • Салық жүйесінің принциптері:

    1. Салық барлық игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

    2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

    3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

    4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшерлемесі тұрақты болуы.

      • Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

      • А.Лаффер табыс салығы өсімінің жоғары болуы мен салық түсімінің арасындағы байланысты анықтаған. Оның ой- пікірі салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. Егерде салық өсімі О -ден















      • 100%-ға көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М- нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді.



      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет