Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет69/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

  • Азаматтар заңды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет етуде қабілеттілігі бар кез келген азаматтар бола алады.

  • Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны ҚРАзаматтық кодексімен бекітілген:

    • белгілі бір меншікті иелене алады, мүлікті мұрагерлікке алады және мүлікті мұрагерлікке қалдыра алады;

    • кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;

    • өз бетінше немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;

    • заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;

    • тұрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;

    • ғылым, әдебиет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы құқығын иелене алады;

    • басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

      • Осылайша, әрекет етуге қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен құқытар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

      • Кәсіпкерліктің түрлері

      • 1.Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады:

      • -Өндірістік кәсіпкерлік бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.

      • -Коммерциялық кәсіпкерлік бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.

      • - Қаржылық кәсіпкерлік бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.

      • - Сақтандыру кәсіпкерлігі бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.

      • -Делдалдық кәсіпкерлік бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.



      • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет