Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ



бет68/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89
10 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ.


  • 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары, мақсаттары мен міндеттері.

  • 2. Кәсіпорынның тұрақсыздығы

  • 3. Франчайзинг

  • 4. «Startup»


  • 1.Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары, мақсаттары мен міндеттері.

  • Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер – өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін өз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

  • Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантильонның ΧVΙΙΙ ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген:

  • Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.

  • Кәсіпкерлік қызмет – белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыратын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

  • Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

  • 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен;

  • 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

  • Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.

  • Кәсіпкерлік идея – қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

  • Кәсіпкерліктің мәні оның қағидалармен жақсы сипатталады: адам мүддесіне бағыттау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйластық рухын ұстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс.

  • Кәсіпкерлік субъектілер азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет