Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ



бет76/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

12 ТАҚЫРЫП. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ.


  • 1.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру және кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері.

  • 2.Кәсіпкерлік құпияның мәні.

  • 3.Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі.


  • 1.Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру және кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері.

  • Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэфициентін анықтайды.

  • Негізгі қаржылық коэфициенттерді төмендегі 3 санатқа топтастыруға болады:

  • 1. өтімділік (төлем қабілеттілігі);

  • 2. пайдалылық (табыстылық);

  • 3. активтерді басқару тиімділігі.

  • Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

  • Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

  • Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп аталады. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.

  • 1. Тез өтімділіктің коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді. Ол өтімділік активтердің ағымдағы міндеттемесінің қатынасын білдіреді.

  • 2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.

  • 3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді.

  • 4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.

  • 5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.

  • Сонымен кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті капиталы, өтемпаздығымен сипаталады.

  • Қаржыландырудың 3 негізгі көзі бар:

  • 1.Өнімді өндіру және өткізу процесінде туындайтын ерікті қаржыландыру;

  • 2. Кәсіпорын пайдасының өндірісті дамытуға жұмсалатын бір бөлігі;

  • 3. Сыртқы қаржы көздері есебінен қаржыландыру.

  • Кәсіпкер қаржыландыру көзінің қайсысын таңдайтындығы туралы шешім қабылдамастан бұрын, меншікті капиталы арқылы осы мәселені шешуге мүмкіншілігінің бар не жоқ екендігін анықтап алуы тиіс.

  • Кәсіпкерге бизнесті бастау үшін 300000 теңге қажет делік. Ол бұл қаржыны несие алу арқылы (қарыздану) немесе өз қаржы көздерін жұмылдыру (өзін-өзі қаржыландыру) арқылы қамтамасыз етуі мүмкін. Осы мәселенің шешімі көбіне кәсіпорынның бизнес түріне, қаржы тұрақтылығына және жалпы экономикалық жағдайға, мысалға, банктік пайыз мөлшерлемесіне, сондай-ақ, кәсіпкердің өзіне және оның несие алуға деген көзқарасына байланысты.

  • Аталмыш екі әдістің қайсысын таңдау керектігі кәсіпорын пайдасының әлуетті мөлшері, қаржы тәуекелі және бақылау деңгейімен анықталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде меншікті капиталды тарту бірінші кезекте акция шыару дегенді білдіреді. Бұл жағдайда кәсіпкер пайыз (өсім) төлеу негізінде несие алып, оны толығымен қайтару және акция шығарып, өзіне тиесілі бақылау ауқымын кішірейту (азайту) жолдарының қайсысын таңдау керектігіне тоқталу қажет. Қазақстанда қазіргі таңда құнды қағаздар нарығының дамымағандығы, тіркеу жұмыстарының күрделілігі және жұмсалатын шығындар мөлшерінің көптігі салдарынан кәсіпорындардың барлығының дерлік акция шығаруға мүмкіншілігі болмай отыр. Сол себептен, көптеген шағын және орта кәсіпорындар өэ қаражаты жетпеген жағдайда тек несие алуға мәжбүр болуда.

  • Қаржыландырудың келесі маңызды қайнар көзі – коммерциялық банктер. Банктік несиенің берілуінің барлық кезде артықшылығы болғанымен оның кемшіліктері де бар, соның ішінде жоғарғы %-дық өлшем, белгілі бір мерзімде несиені қайтару қажеттілігі, төлемді алдын ала анықталған график бойынша жүзеге асыру, соңында жеке кепілдіктер беру сияқты.

  • Несиені қайтару мерзімі несиенің түріне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді.

  • Банктің кәсіпорынды несиелеуден бас тартуы мүмкін келесі себептерді бөліп көрсетуге болады:

  • - банктің бизнестің мәнін немесе бизнес жұмыс істейтін саланы толық түсінбеу;


  • - кәсіпорын шығыстарының кірістерінен артып кетуі,теріс қаржылық көрсеткіштер;

  • - меншік иелерінің қарызды қайтаруға жеке кепілдеме беруді қаламауы;

  • - кәсіпкер және оның командасының бизнестің ашылуына нашар дайындалуы;

  • - бұрын қарызды қайтаруда проблемасы болған;

  • - несиелеудің кейбір түрлерін шектейтін, мемлекеттік реттеудің болуы және т.б




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет