-Бюджетке төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті және есептіліктің орнатылған түрлері бойынша мәліметтер;
-Төлем қабілеттілік туралы мәліметтер, қызметкерлердің саны, құрамы, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары туралы, сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;
-Салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;
-Қоршаған ортаның ластануы,монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетінөнімді өткізу туралы және заңнамаларды бұзғаны туралы мәліметтер.
13 ТАҚЫРЫП. БИЗНЕС-ЖОСПАР
1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.
2.Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі.
3.Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны және сипаттамасы.
1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі жақын және алыс болашақты алдын-ала дұрыс болжап білу дәрежесіне байланысты болады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның нәтижелі қызмет етуі кәсіпорынның даму жоспарын, өндірістік бағдарламаны, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын жасау арқылы ғана мүмкін болмақ.
Өндірістік бағдарлама мен даму жоспарын жасау барысында маркетингті пайдалану және жоспарлау әдістемесін жетілдіру маңызды болып табылады. Жоспарлау әдістемесі дегеніміз - жоспар жасаудың әдістері мен тәсілдері.
Жоспарлау әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары: жоспарлаудың ғылыми-техникалық және есептік-техникалық негізделуін жоғарылату; техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесін кеңінен қолдану; көрсеткіштер жүйесін одан әрі жақсарту.
Кәсіпорынның даму жоспары техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесі негізінде жасалады. Норма дегеніміз - өнім бірлігін өндіруге арналған шикізат, материал, отын, энергия шығындарының максималды мүмкін мөлшері. Норматив – еңбек қаруының, еңбек затының пайдаланылу деңгейін, олардың аудан, көлем, салмақ бірлігіне шығындарын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтеді жасау кезінде ғылым мен техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы деңгейін, кәсіпорынның өндірістік қуатын толық қолдануды және озат өнеркәсіптік тәжірибені есепке алу қажет.
Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер мына топтар бойынша жасалады:
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндірістік қуатын игеру нормасы.
Жоспарлар мына көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге жалпы өнім мен тауарлық өнім көлемі; сату көлемі; жұмысшылардың саны; еңбекақы қоры; пайда көлемі; өндірістік шығындармөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, қор сыйымдылығы, өнім сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер әрдайым өзара байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы өнім бірлігіне кеткен металл шығыны.
Жоспарлы көрсеткіштерді есептеуде натуралды, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Натуралдық өлшемдер өндіріс көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.
Құндық өлшемдер көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құндық өлшем арқылы өнімді сату көлемі, тауарлық және жалпы өнім көлемі жоспарланады.