Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі



бет78/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89
Байланысты:
ТА ырып экономикалы теорияны П ні мен дісі. О амды ндіріс

3.Кәсіпкерлік құпияны қорғау жүйесі.

  • Коммрециялық құпия болып табылатын ақапаратты қорғау барысында кәсіпорын екі бірдей міндетті шешуі қажет.

  • Бірінші,ол өз қызметі жайында тұтынушылар және жабдықтаушыларды жарнамалау жіне ақпараттықмәліметтермен қамтамасыз етуі қажет.

  • Екіншіден, кәсіпорын қызметінің көптеген аспектілерін жарнамалау үшін,оның нақты ақпараттық мәліметтерін ашық пайдаланбау мүмкін емес.

  • ҚР Үкіметі шешімімен коммерциялық құпияны құрамайтын мәліметтер тізбегі анықталған.

  • Ол:

  • -Кәсіпорыннң құрылтай құжаттары, тіркеу куәліктері, патенттер, лицензиялар;

  • -Бюджетке төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелгенін тексеру үшін қажетті және есептіліктің орнатылған түрлері бойынша мәліметтер;

  • -Төлем қабілеттілік туралы мәліметтер, қызметкерлердің саны, құрамы, олардың жалақысы мен еңбек жағдайлары туралы, сонымен қатар бос жұмыс орындары туралы мәліметтер;

  • -Салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу туралы құжаттар;

  • -Қоршаған ортаның ластануы,монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы немесе еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізетінөнімді өткізу туралы және заңнамаларды бұзғаны туралы мәліметтер.











  • 13 ТАҚЫРЫП. БИЗНЕС-ЖОСПАР

  • 1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.

  • 2.Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі.

  • 3.Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны және сипаттамасы.


  • 1.Кәсіпорында жоспарлаудың жіктелімі.

  • Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі жақын және алыс болашақты алдын-ала дұрыс болжап білу дәрежесіне байланысты болады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның нәтижелі қызмет етуі кәсіпорынның даму жоспарын, өндірістік бағдарламаны, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын жасау арқылы ғана мүмкін болмақ.

  • Өндірістік бағдарлама мен даму жоспарын жасау барысында маркетингті пайдалану және жоспарлау әдістемесін жетілдіру маңызды болып табылады. Жоспарлау әдістемесі дегеніміз - жоспар жасаудың әдістері мен тәсілдері.

  • Жоспарлау әдістемесін жетілдірудің негізгі бағыттары: жоспарлаудың ғылыми-техникалық және есептік-техникалық негізделуін жоғарылату; техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесін кеңінен қолдану; көрсеткіштер жүйесін одан әрі жақсарту.

  • Кәсіпорынның даму жоспары техника-экономикалық нормалар мен нормативтер жүйесі негізінде жасалады. Норма дегеніміз - өнім бірлігін өндіруге арналған шикізат, материал, отын, энергия шығындарының максималды мүмкін мөлшері. Норматив – еңбек қаруының, еңбек затының пайдаланылу деңгейін, олардың аудан, көлем, салмақ бірлігіне шығындарын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

  • Нормалар мен нормативтеді жасау кезінде ғылым мен техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы деңгейін, кәсіпорынның өндірістік қуатын толық қолдануды және озат өнеркәсіптік тәжірибені есепке алу қажет.

  • Техника-экономикалық нормалар мен нормативтер мына топтар бойынша жасалады:

  • - нақты еңбек шығындары;

  • - материалдық шығындар нормасы;

  • - еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері;

  • - өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері;

  • - іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндірістік қуатын игеру нормасы.

  • Жоспарлар мына көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалады:

  • - сандық;

  • - сапалық;

  • - көлемдік;

  • - үлестік.

  • Сандық көрсеткіштерге жалпы өнім мен тауарлық өнім көлемі; сату көлемі; жұмысшылардың саны; еңбекақы қоры; пайда көлемі; өндірістік шығындармөлшері жатады.

  • Сапалық көрсеткіштерге өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, қор сыйымдылығы, өнім сапасы жатады.

  • Сандық және сапалық көрсеткіштер әрдайым өзара байланысты болады.

  • Көлемдік көрсеткіштерге өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

  • Үлестік көрсеткіштерге бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы өнім бірлігіне кеткен металл шығыны.

  • Жоспарлы көрсеткіштерді есептеуде натуралды, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.

  • Натуралдық өлшемдер өндіріс көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтиды.

  • Еңбек өлшемдері еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.

  • Құндық өлшемдер көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құндық өлшем арқылы өнімді сату көлемі, тауарлық және жалпы өнім көлемі жоспарланады.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет