Тақырып: Электр сұлбалар және оның түрлері


Электр сұлбаларын орындауда қойылатын жалпы талаптар



бет3/5
Дата05.05.2023
өлшемі111,84 Kb.
#90604
түріРеферат
1   2   3   4   5

Электр сұлбаларын орындауда қойылатын жалпы талаптар


Өнеркәсіптің барлық салаларына электр сұлбаларды орындау МЕСТ 2.702-75 стандартында тағайындалған, ал МЕСТ 2.701-84 стандартында оларды орындаудың жалпы ережелері қарастырылған. МЕСТ 2.702-75 стандартына сәйкес әрбір бұйымға сұлбалардың түрі мен типі даярланады. Даярлау кезінде сұлбалар комплексті бұйым ерекшеліктері анықталады. Даярлау кезінде бұйымға қажет сұлбалар саны мүмкіншілігінше аз болуын қарастырған жөн, бірақ олардың жиынтығында бұйымды жобалауға, дайындауға, жөндеп күйге келтіруге, пайдалануға және жөндеуге жеткілікті көлемде мағұлұматтар болуға тиіс.


Сұлба мәтінінде кездесетін кейбір терминдер туралы түсінік берейік.
Элемент бұйымның құрамдық бөлігі, ол белгілі қызмет атқарады және өз алдына функционалдық міндеті бар бөліктерге бөліне алмайды (резистор, трансформатор, конденсатор және т.б.).
Құрылғы – бірыңғай конструкция (блок, плата, шкаф, механизм) құрайтын элементтер жиынтығы. Бұйымда құрылғы белгілі қызмет атқармауы да мүмкін.
Функционалдық топ – бұйымда белгілі бір қызмет атқаратын және бірыңғай конструкцияға біріктірілмеген элементтер жиынтығы.
Функционалдық топтарды немесе құрылғыларды құрайтын элементтерді сұлбада жіңішке үзік нүктелі сызықтармен бөліп көрсетуге рұқсат етілген. Бірақ мұнда функционалдық топтың атын немесе құрылғының атын, белгісін немесе типін көрсету керек.
Шартты графикалық белгілеулер белгіленетін элементтердің нақты өлшемдерін бейнелемейді, тек олардың түрін анықтайды, яғни сұлбаларды орындағанда масштаб сақталмайды, бірақ олардың айқындылығы мен оқуға қолайлығына зиян келмейтіндей болып жинақты түрде орындалады.
Қандай да болмасын графикалық белгілеулерді сұлбаларда қолдану – сәйкес түрлердің сұлбаларын орындаудың ережелерімен анықталады. Электр сұлбаларын орындау қезінде, сұлбаларда тіліктер қолданылмайды, тек сыртқы кескіндер, шартты графикалық белгілеулер мен тікбұрыштар пайдаланылады.
Сұлбада элементтердің шартты графикалық белгілеулерін олардың сәйкес стандарттарда кескінделгеніндей жағдайда немесе егер стандарттарда арнаулы нұсқаулар болмаса, онда бұл қалыпқа қатынасты 90о-қа еселі бұрышқа бұрып орындайды.
Жалпы принципті сұлбада, дербес принципті сұлбасы болатын құрылғыны құрайтын сұлба элементтердің, жуандығы байланыс сызықтарына тең тұтас сызықпен бөліп көрсетеді. Дербес принципті сұлбасы болмайтын функционалдық топты, не құрылғыны құрайтын сұлба элементтерін жуандығы байланыс сызықтарына тең үзік нүктелі жіңішке сызықтармен бөліп көрсетуге рұқсат етіледі.
Сұлбаларда, өзгешелігі, сұлбаның қызметімен анықталатын, түрлі техникалық мағлұматтарды орналастыруға рұқсат етіледі. Мұндай мағлұматтарды графикалық белгілеулердің не жанынан (мүмкіндігінше оңынан және жоғарыдан), не сұлбаның бос жерінде мүмкіндігінше негізгі жазудың үстінен көрсетеді. Элементтер мен құрылғылардың графикалық белгілерінің жанынан, сол элементтер мен құрылғыларға тікелей қатысы бар мағлұматтарды көрсетеді, ал сұлбаның бос жеріне, бұйымға тұтастай, не оның бірнеше элементтеріне қатынасты, нұсқауларды орналастырады.
Электр сұлбалар тек ажыратылған қалыпта орындалады. Сұлбада бұйымның кіру және шығу тізбегінің сипаттамасын (жиілігін, кернеуін, токтың күшін және т.б.) көрсетуге қеңес беріледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет