Тақырып Философия және дүниетаным



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#133373
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Философия (1)

ДІН

  • Дін - мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар дүниені бейнелеуімен ерекшеленеді.Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл Дүние» мен «о Дүние» бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені, егер бұл дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о дүние – мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай -табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де, адамның жан дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.

Сенім

  • Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу.Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар арқылы берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс- тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар ( латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).Мүндай қағидалардың жиынтығы діни көне қүжаттарды қүрайды. Оларға Құран, Таурат, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бүл кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табиғат заңдылықтарына бағынбайтын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі ең ғажабы - адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.
  • Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм дейміз (- грек сөзі, бэрі, - кұдай, сіеш - латын сөзі, кұдай).
  • Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту,табиғаттың өзін Қүдай ретінде түсіну. Деизмді алатын болсақ, онда Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек дүниені өзінің кұдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді. Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды ( құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі).
  • Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны түсіну емес ол - оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен байланыстары, қарым-қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Моральдық борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның борышы, парызына айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар Құдайға сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-түрысына зор әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқ па, соны өзінің білімі, парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге айналдыруы керек. Ал бұл жол - өте қиын жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет