Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік-тарихи типтеріне мифология мен дін жатады.
Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды. Ол кейіннен ғана сананың жеке формаларына жіктелді.
Мифология (гректің mifos -аңыз, сөз және Logos -ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде қоғамдық санасының әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды.Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады.Мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі, т.б. жайындағы сұрақтар дүниегекөзқарастардың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды.
Дүниеге деген көзқарас ретінде мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?
1) Біріншіден, миф алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты қүбылыстардың элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді ( - грек сөзі, қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).
2) Екінші ерекшелігі - мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың қүбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Мысалы, жерге нәр беретін аспаннан жауған нөсердің мифте Кұдайлардың жыныс қатынасынан шығатыны жөніндегі қияли ойлары.Үшіншіден, мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, элеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.