Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс — әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология — бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.Гносеология термині гректің «gnosis» — білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.
Таным — гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.
Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным — жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.
Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.
Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады. Және таным теориясында білімнің барлық түрі: философиялық, ғылыми, күнделікті, әдеби тағы басқа түрлері қарастырыла береді. Гносеология білімнің барлық түрін негіздеуге, оның мүмкіндік деңгейін, оның мазмұны мен мәнін анықтауға бағытталған.
Онтологиялық және гносеологиялық жақтарға байланысты философияда негізгі бағыттар — тиісінше материализм мен идеализм, сондай-ақ эмпиризм мен рационализм ерекшеленеді.
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (тұрмыстық) жағын қарастыру кезінде мынадай бағыттарды бөліп көрсетуге болады:: объективті идеализм; субъективті идеализм; материализм;вульгарлық материализм; дуализм;деизм;