Тақырып Философия және дүниетаным


Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді



бет6/7
Дата03.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#133373
1   2   3   4   5   6   7

Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді.

  • Тірі және өлі табигаттың заттары, қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы бейнелеуге болады, қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді.
  • Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Онын санасынан тәуелсіз табиғат заттары, процестері және күйлері. Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз, табиғат болмысы өзгермелі, объективті, реалды.
  • Екінші табиғат — адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие. Екінші табиғат көптүрлі, ол әлеуметтік-тарихи болмыс, адам болмысына жақындау, бірақ ол адамнан салыстырмалы түрде тәуелсіз.
  • Адам табиғаттың бөлшегі, сондықтан адам денесінің болмысына да болмау, пайда болу, қалыптасу, күйреу және басқа күйге көшу тән. Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді, онсыз адам болмысы мүмкін емес. Жеке адамның болмысы тек физикалық денемен шектелмейді, ол оның рухани болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Тәнін ғана емес, көне гректерадам болмысының басты керсеткіші ретінде қарастырған жанын күту, оны жетілдіру де адам үшін басты міндеттердің бірі. Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді.
  • Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз бай-ланысты және бірлікте. Бұл тұжырымдысоңғы кезде қарқынды дамып огырған синергетика (sупеrqеіа — ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) ғылымы немесе ашық жұйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр. Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді.
  • Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сантүрлі бол-ғанымен, осьшың бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды плюрализм, дуатлизм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін оейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет