Тақырып Философия және дүниетаным


Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар



бет4/7
Дата03.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#133373
1   2   3   4   5   6   7

Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар:

  • Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).
  • Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе қоғам өміріндегі себептік- салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі.
  • Үшіншіден, адамның элеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық- зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
  • Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мэңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын туғызды.

Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар.

  • Ислам діні осы дүниені жаратқан бір құдайды - Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Ислам дінінің негізгі қағидасы - мейірімділік, қайыршыға, кемтар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зекет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері .
  • Христиан дінінің негізгі қағидасы - сүйіспеншілік жэне оны уағыздауда осы дін өте биік яғни, жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
  • Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - оның этикалық- практикалық бағыттануы

Философия

  • Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады.
  • Философияның негізгі мәселесі — философиялық білімнің ерекшелігін түсіну болып табылады. Бұл мақалада біз философияның негізгі мәселесі мен оның екі жағын қысқаша қарастырамыз. Философияның негізгі мәселесі философияның мағыналық бағытын, оның адамзаттың басты проблемасын – «болу немесе болмауы»шешуге деген кілтті табуға ұмтылысын ашады.
  • Философияның негізгі мәселесінің екіжағы бар. Бірінші жағы - дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялык) мәселе, екіншісі - дүниенің танымдылығы туралы (гносеологиялық) мәселе.Алдымен негізгі философиялық мәселенің бірінші жағын қарастырайық: дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, әдде идея ма, табиғат па, әлде ой-сана ма? - деген сұрақтың екі-ақ жауабы бар. Алғашқылық материя, табиғат, ал идея, ой-сана одан кейінгі, екіншілік деушілер материализм бағытын құрады, ал идея, ой-сана алғашқы, материалдық дүние, табиғат одан кейінгі, екіншілік дейтіндер идеализм бағытын құрады. Бұл екі бағыт монистік, яғни дүниенің бір ғана бастамасын мойындаушы бағыттар (материалистік монизм және идеалистік монизм) деп аталады. Идеализм негізінен объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Идеализмнің бұлайша бөлінуінің басты белгісі - қандай идеяны негізге алатындығында: субъектінің (адамның) идеясын ба, әлде адамнан, табиғаттан тыс объективтік идеяны ма?Объективтік идеализм (Платон, Гегель және басқалар) адамнан тыс дүниенің бар екенін мойындайды, бірақ ол дүниенің негізін, бастауын құратын идея деп есептейді. Мұндай объективтік-идеалистік философия тұрғысынан алғанда, шындық дүниедегі барлық материалдық құбылыстарды, процестерді айқындап беретін "дүниежүзілік ақыл-ой", "дүниежүзілік санасыз рух" сияқты рухани күш болып шығады.
  • Ол күш адамдардың санасынан тыс және тәуелсіз, материяға, табиғатқа тәуелсіз, одан бұрыннан өмір сүретін нәрсе болып табылады.Субъективтік идеализмнің (Дж.Беркли, Э.Мах, РАвенариус т.б.) дәлелдеуінше, объективтік дүние адамнан тыс өмір сүре алмайды, біздің көретін, иісін, дәмін сезетін т.б. нәрселеріміз субъектінің түйсіну, қабылдау процестерінің нәтижесі, түйсіктердің жай қосындысы, комбинациясы болып табылады. Субъективтік идеализмнің негізге алатын басты қағидасы: мен және менің түйсігім ғана бар, қалған дүниенің бәрі менің түйсігімде ғана өмір үреді. Солипсизм деп аталатын бұл субъективтік-идеалистік концепцияны, принципті дәйекті түрде ұстанатын болсақ, онда менен басқа адамдар жоқ, өйткені олар да басқа нәрселер сияқты менің түйсігімде ғана өмір сүре алады деген қисынсыз қорытынды жасауға мәжбүр болар сдік. Философия тарихында – дуализм бағытының өкілдері материя да алғашқы, идея да алғашқы, өйткені олар бір-бірінен төуелсіз емір сүретін екі бастама дейді. Бұл бағыттың негізін салған басты өкілдері Р.Декарт (XVII ғ. Француз философы, математигі) және И.Кант (XVIII ғ. неміс философы) материализм мен идеализмді ымыраластыруғы әрекет жасады.Философияның негізгі мәселесінің екінші жағы: Ол адам дүниенің объективтік заңдарын, мәнін танып біле ала ма, әлде дүниені танып білуге болмай ма? - деген мөселе. Бір философтар бұл сұраққа жауап беруде адамның дүниені танып білу мүмкіндігі шексіз, дүниені танып білуге болады дейді. Дүниенің танымдылығы туралы бұл гносеологиялық мәселені (сұрақты) шешуде агностицизм өкілдері, яғни дүниені танып білуге немесе толық танып білуге болмайды деген көзқарасты ұстанады.
  • Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім системасында философияның алатын орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп-тамыры бір екенін көрсетеді. Дүниетану тарихына үңілсек, олардың айырғысыз диалектикалық байланысын, өзара әсерін және кейін барған сайын тарихи өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі түлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниетанымы, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бүрын- соңды қайталанбас орын алады. Сондықтан қанша ірі тұлға философияға атсалынса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ, артық болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет