Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі



бет13/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі. Болашақ кәсіпті таңдау – адам өміріндегі ең күрделі қадам және маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс таңдай білуі үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды іс. Дұрыс таңдалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті таңдауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін, ерік-жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеруі керек. Кәсіптік қабілеттіліктерді дамыту ешқашан да кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн. Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанының дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс таңдау - адамның бақытқа жету жолдарының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашанда жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Мысалы:
Өмір еңбексіз ештеңе бермейді (Гораций),
Пайдасыз өмір сүру – мезгілден бұрын өлу (И.Гете),
Еңбек адам бойындағы шығармашылық күштерді оятады (Л.Н.Толстой).
Белгілі педагог К.Д.Ушинскийдің: «Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет» - деген сөздері педагогикалық еңбекті таңдап отырған болашақ мамандарымыз үшін де өте құнды өмірлік ұстанымға айналуы керек. Таңдаған мамандығы арқылы әрбір адам өз бойында қалыпасқан дағдылар, іскерліктер негізінде әлеуметтік ортаға, қоғамдық іс-әрекеттер жүйесіне қатыса алады. Кәсіп әр тұлға үшін өте маңызды, құнды іс-әрекет. Кәсібі арқылы әр адам өзінің даралығын, қайталанбастығын көрсете алады. Сонымен қатар адамдар қоғамдық мәдениет кеңістігінде өздеріне лайықты орындарын тауып, ондағы құндылықтарды меңгерулері қажет. Осының нәтижесінде адамның дүниеге деген көзқарасы, дүниетанымы, рухани құндылықтары қалыптасады. Өмір бойы айналысатын, өзіне ұнайтын іс-әрекетпен шұғылдану мақсатында адам сол салада білімдерін тереңдету үшін жоғары оқу орындарында білім алады, бір мамандықты тереңірек игереді. Мамандықты таңдауда адам өзінің күш жігерін, бейімділіктерін бағалап, еңбектің қандай саласында көп пайда келтіре алатынын анықтап және сол бағытта өзінің қабілеттерін дамыту жолдарын іздестіреді. Қазіргі қоғамда кәсіптердің түрлері де көбейіп күрделене түсті. Сол түрлі кәсіптердің барлығын бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-белгілер жүйесі», «адам-көркем бейне», «адам-адам». Әр адам үшін ең алдымен осы салалардың қайсысына бейім екенін анықтап алғаны жөн. Ол үшін психология ғылымында ұсынылған төмендегі сауалнаманы қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет