Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Болашақ мамандарды даярлау барысындағы тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарау бағыттары



бет9/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
дарис-2

Болашақ мамандарды даярлау барысындағы тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік тұрғыдан қарау бағыттары. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілгендей білім беру саласы бірнеше деңгейлерге бөлінеді: мектепке дейінгі, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері. Аталған деңгейлер өзіндік мақсаттарымен, құрылымы, басқару формасымен, мазмұнымен, қоғамда алатын орнының маңыздылығымен ерекшеленеді. Бірақ осы деңгейлердің барлығы бір тұтас білім беру кеңістігін құрастырып тұрғандықтан, оларға ортақ өзекті мәселелер де бар. Солардың ішінде айырықша атап өтетін мәселелерге білім беру сапасын жоғарлату, адами факторды дамыту, білім берудің нәтижелілігі, қай деңгейде болмасын жұмыс істейтін мамандардың даярлықтарын күшейту әр деңгейге ортақ өзекті мәселелер қатарында. Ал болашақ мамандар даярлығының сапасы ертеңгі күнде қоғамның, экономиканың дамуына, жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне тікелей әсерін тигізетіні сөзсіз. Кәсіптік білім беру саласындағы әлемдік тенденцияларды қарастыра отырып, әсіресе кәсіби-педагогикалық білім беру саласында педагогикалық кәсіпкерлік пен мұғалімнің тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі байқалады.
Қазіргі білім беру парадигмасында ерекше талқыланып жатқан бірнеше маңызды бағыттар бар. Олардың ішінде тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік тұрғыда қарау бағыттары аса терең зерттеліп іске асырылуда. Бұл бағыттардағы зерттеулер жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда. Осы теорияларға қысқаша тоқталып өтейік.
1) Білім берудегі тұлғалық-бағдарлық тұрғысынан қарау бағыты жеке тұлғаны ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарауды педагогтердің баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогикада бұл теория тәрбиенің субъект-субъектілі процесс ретінде анықталуына байланысты ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әртүрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, М.С.Каган, В.В. Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген. Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға тек объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұл идеяның басты мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты мүмкіншіліктерін дамыту. Әрине, тәрбие үнемі ұжымдық сипатта болатыны белгілі. Сол ұжым ішінде гуманистік қарым-қатынастар арқылы шәкірттер өздерінің тұлға екенін сезініп, басқа тұлғаларды құрметтеуге үйренеді. Дәл осы ұжым ішінде жеке тұлға өзінің мүмкіншіліктерін бағалап сынай алады, қандай қабілеттіліктерін жетілдіру, қай бағытта өздерін дамыту керек екендігін анықтайды. Тұлғаны тұлға ғана қалыптастыра алатыны анық. Сондықтан болашақ мұғалімдер де бала тұлғасына дұрыс тәрбиелік ықпал беру үшін өз тұлғаларын жан-жақты дамытуға тырысулары керек, өзінің ішкі «Мен»-тұжырымдамасымен жұмыс істеулері қажет. Егер болашақ ұстаз өзінің жеке «Мендігін» жағымды етіп қалыптастырса, ол балалар тұлғасына да жағымды ықпал бере алады. Ал өзін-өзі төмен бағалайтын мұғалім басқаларға да жағымсыз көзқарас танытады. Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын негізгі бағдар – бала тұлғасының ерекшеліктері, әрбір баланың шығармашылық әлеуетін дамыту. Әр баланың ішкі қабілеттілікгі, мүмкіншіліктері, жас және дербес ерекшеліктері, жеке бір қайталанбас әлем ретінде қабылданады. Тәрбиелеу және оқыту барысында әр баланың тұлғасын дамытуға арналған қолайлы жағдайлар, оқушының өзін-өзі іске асыра алуына көмектесетін әдіс-тәсілдер қолданылуы қажет. Ал әрбір тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дами алады. Мысалы, адамды жүзуге үйрету үшін оған сөз жүзінде айтылған кеңестер, нұсқаулар жеткіліксіз, себебі адам өзі суға түсіп, жүзуге қажетті іс-қимылдарды орындап көрмейінше ол ешқандай табысты нәтижеге жете алмайды. Сондықтан тәрбиеде іс-әрекеттік тұрғыдан қарау деген маңызды бағытқа тоқталған жөн.

  1. Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясын қарастырудан бұрын іс-әрекет ұғымын анықтап алайық. Іс-әрекет – бір мақсатқа бағытталған, тұлғалық және қоғамдық маңызы бар нәтиже беретін белсенділік. Оның құрылымында мынандай компоненттері бар: мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау. Егер осы компоненттердің біреуі орындалмай қалса онда тұлғаның іс-әрекеті де толыққанды бола алмайды.

Сурет 1. Іс-әрекет құрылымы.
Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласында іс-әрекет теориясының дамуына С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Суретте (сурет 1) көрсетілген іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір көрсетіліп отырған компонент өзіндік маңызды роль атқарады.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс әрекет болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктер кіреді. Іс-қимылдар, операциялар – іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен құралады. Мысалы, тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына байланысты құралдар таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет