Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Сауалнама «Қандай салада жұмыс істеуге бейімдісіз?»



бет14/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Сауалнама «Қандай салада жұмыс істеуге бейімдісіз?»
Сұрақтарға тез және шынайы жауаптар беріңіз.
«Иә» жауабы – «+»,
«Жоқ» жауабы – «-» ,
Нақты жауап болмаса – «0».
1. Сіз жаңа адамдармен еркін танысып, еш қиындықсыз олармен тіл табысып кетесіз бе?
2. Сіз ұзақ уақыт бойы бір нәрсемен (тігу, тоқу т.с.с.) шұғылданып отыра бересіз бе?
3. Сіз өзіңізді қоршаған ортаны үнемі жақсартуға тырысасыз ба?
4. Сіз өсімдіктер мен жануарларды қызыға күтесіз бе?
5. Сіз ұзақ уақыт бойы бір нәрсені есептеп, санап, сызып отыра бересіз бе?
6. Сіз балалар арасында болғанды ұнатасыз ба?
7. Сіз далада, бақшада жұмыс істеуге көмектесуді ұнатасыз ба?
8. Жазба жұмыстарда Сіз қатені аз жібересіз бе?
9. Сіздің өз қолыңызбен жасаған нәрселеріңіз басқа адамдарды таң қалдыра ма?
10. Көп таныстарыңыздың пікірінше Сізде өнермен айналысуға қабілетіңіз бар ма?
11. Сіз табиғат туралы кітап н/се журналдарды қызыға оқисыз ба?
12. Сіз «үниверситет өміріне» белсене қатысасыз ба?
13. Сіз техникалық әдебиеттерді жақсы көресіз бе?
14. Сіз ұзақ уақыт бойы сөзжұмбақ, жұмбақтарды шешіп отырғанды ұнатасыз ба?
15. Сіз үлкендер мен кішілер арасындағы кикілжіңді тез шеше аласыз ба?
16. Сіз техникадан жақсы хабардарсыз ба?
17. Сізде өлең жазып, оны басқаларға, тіпті таныс емес адамдарға да оқып беру тілегіңіз бола ма?
18. Сіз панасыз жүрген жануарларға көмектескіңіз келе ме?
19. Сіз өз ойыңызды анық және ұғынықты түрде қағаз бетіне түсіре аласыз ба?
20. Сіз ешқашан да ешкіммен дауласпайсыз ба?
21. Сіз тұрмыстық техниканың түсініктеме қағаздарын жеңіл түсінесіз бе?
22. Шет ел тілдерін үйреніп алу Сізге оңай ма?
23. Таныс емес адамға көмек көрсетуге әрқашан дайынсыз ба?
24. Сіз классикалық музыканы ұнатасыз ба?
25. Сіз халі өте нашар жануарды күтіп баптауға дайынсыз ба?
26. Сізді машиналардың н/се басқа бір приборлардың құрылысы қызықтыра ма?
27. Сіз өзіңіздің пікіріңіздің дұрыстығыңын дәлелдей аласыз ба?
28. Сіздің үйіңізде үй жануарлары көп пе?
29. Сізде ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылық бар ма?
30. Сіз табиғатқа шыққанда оның сұлулығын қағаз бетіне суреттегіңіз келе ме?
Енді «+» қойылған сұрақтарыңызды мына топтар бойынша топтастырыңыз
I топ 4, 7, 11, 18, 25, 28.
II топ – 2, 9 13, 16, 21, 26.
III топ – 5, 8, 14, 19, 22, 29.
IV топ – 3, 10, 12, 17, 24, 30.
V топ – 1, 6, 15, 20, 23, 27.
Енді қай топта «+» көп жиналған болса, сол топ саласында Сіз жұмыс істеуге бейімдісіз. Әр топ былайша сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет