Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея



бет17/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея. Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзінің саналылығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүниетанымы да кеңейе түсуде. Әр жеке тұлғаның дүниетанымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көзқарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүниетанымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады. Өзінің дүниетанымы негізінде әрбір тұлға қоғамдық қатынастарға араласады. Бірақ адамдар бірі-бірінен бөлек өмір сүре алмайды. Дүниеде көп мәселелер адамдардың бірлесіп шешім іздестірулерін қажет етеді. Сол сияқты тек адамдардың ғана бірлесуін емес, халықтардың бірігуін емес, мемлекеттердің бірігуін қажет ететін мәселелер де бар. Сондықтан қазіргі таңда адамдардың планетарлық көлемде ойлай алуы маңызды мәселеге айналып отыр.
Мысалы экологиялық апат мүмкіндігі, ядролық қауіптер, жұқпалы індеттер барлық адамдардың, барлық мемлекеттердің, барлық дүниежүзілік қауымдастықтың күштерін жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін жұмылдыруды қажет етеді. Яғни бұның өзі жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология, ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз.
Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:
- Дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;
- Жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету;
- Жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету.
Қазақстан республикасы тарихи тағдыр біріктірген көпұлтты, көп конфессияланған мемлекеттердің бірі. Әр халықтың өз мәдениетін толыққанды дамытуы, тілі мен дінін пайдалануы сияқты мәселелер мемлекеттік заңдармен реттелген. Сонымен қатар Ұлттық мәдени орталықтар, Республика Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, түрлі қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің тұрақты назарында дамып келеді.
Халқымыздың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей және оны жүйелі түрде жас ұрпақ санасына сіңірмей жан-жақты жетілген ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Әр адамның құндылықтарды меңгеруі, тіпті адамның дүниемен байланысы, оны тануы нақты бір ұлттық жағдайда қалыптасады, яғни ұлттық белгілері болады.
Бұл орайда мынандай үлкен мәселеге көңіл бөлу қажет. Егер жас ұрпақ бойында өзінің тіліне, ұлттық дәстүрлеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік болмаса оларды жалпы адамзаттық мәселелер де ойландырып толғандырмайды. Осы бағытта «Қазақстан Республикасының этно-мәдени білім беру тұжырымдамасы», «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы», «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ мамандарды тәрбиелеу тұжырымдамасы» жасалып іске асырылуда.
Бұл бағытта жастар бойында ұлттық және азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты көптеген зерттеулер жүргізіп, ұлттық тәрбие мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып жатқан Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, Р.Толеубекова, С.Ғаббасов, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, З.Әбілова т.б. көптеген отандық ғалымдарымыздың орны ерекше. Ұлттың болашағы - оның ұрпағы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс-шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде ұлы адамдардың құнды ой-пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе түсуіне ықпалы зор:
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық белгісі.
Б.Момышұлы
Өзінің елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. Д. Байрон.
Қазақ халқының тарихында зиялы жастардың ұлт мүддесін қорғау үшін қуғын-сүргінге де ұшырап кеткені өшпейтін өкініш. Бірақ ол тоталитаризм саясатының салдары болған. Ал қысқа болса да күреске толы ғұмырларында «адамшылдық тұқымын шашқан» А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сынды ағаларымыздың өмірлері қазіргі жастар үшін өнеге, еліміз үшін үлкен ерлік. Олардың еліміз үшін қиын-қыстау кезінде халық санасына сепкен «адамшылдық тұқымдарын» көктетіп, өңдеп-өсіріп, гүлдендіріп, жемістерін жинайтын қазіргі жастар. Зиялы тұлғаларымыздың өз ұлтына деген сүйіспеншіліктері, отан үшін от пен қан кешкендері, қазақ елінің еркіндігі жайлы армандары халқының өткен тарихында да, келешегінде де құнды ұлттық мұра ретінде сақталады. Сондықтан жастардың ұлттық дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуы, және соның негізінде жалпыадамзаттық дүниетанымды қалыптастыру қазіргі педагогикалық ғылымның көкейкесті мәселелерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет