Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты


Кесте 1. Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің білімдерін бағалаудың көпбаллдық шкаласы



бет30/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Кесте 1. Кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің білімдерін бағалаудың көпбаллдық шкаласы
Егер әр пән бойынша студенттің қорытынды баллы 50 пайыздан жоғары болса, онда сол пән бойынша берілген кредит санын меңгерді деп есептелінеді. Ал егер студент берілген 100 баллдың 50 пайызынан төмен балл жинап F деген баға алса немесе емтиханға қатыспаған болса, оған сол пән бойынша кредит саны есептелмей қалады. Ондай студенттер жазғы семестрге қалып, әр қарыз кредиттеріне ақы төлеп сол пәнді қайта оқып қайта емихан тапсырады.
Кредиттік оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі - студенттердің өздік жұмыстарына көп көңіл бөлінуінде. Осыған байланысты студенттердің үй тапсырмаларының көлемдері артып, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуда жұмыстар көбейеді.
Ол тапсырмалар семестрдің басында силлабустар арқылы әр студентке таратылады. Силлабустар – бір пән бойынша студенттерге арналған жұмыс жоспарының қысқаша үлгісі. Онда негізгі өтілетін тақырыптар тізімі, пән бойынша өтілетін сабақтар кестесі, орны, өздік жұмысына арналған тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар силлабуста әр мұғалім өз пәнінің негізгі мақсатын, міндеттерін, қысқаша ашып жазып, сол пәнді толық меңгерту мақсатында негізгі және қосымша әдебиеттер тізімдерін береді. Студенттер сол силлабустар бойынша алдын-ала өздік жұмыстарды, қажетті әдебиеттерді іздестіріп, аралық бақылауларға алдын ала дайындала берулеріне болады.
Студенттердің қорытынды бақылауға дайындалулары бойынша мынандай әдістемелік кеңестер ұсынуға болады:

  • пән бойынша қажетті әдебиетерді толық жинап алуға тырысыңыз;

  • сол пән бойынша анықтамалық сөздіктер, қысқаша терминологиялық сөздіктермен мүмкіндігінше қамтамасыздану қажет:

  • барлық лекция материалдарын мұқият оқып қайталап шыққан абзал;

  • семинар сабақтарының материалдарын қайталап шығу қажет;

  • қорытынды бақылауға берілген тесттік тапсырмалардың көлемін бағалап алған дұрыс;

  • оларды орындауға уақытты мөлшерлеп, дұрыс бөліп алған жөн;

  • тесттік тапсырмалармен жұмыс істеп, қорытынды бақылауға дайындалғанда түрлі-түсті маркерлерді пайдаланған дұрыс;

  • жауабын жақсы білетін сұрақтарды жасыл түсті маркермен, жауабына сенімсіз сұрақтарды көк түсті маркермен, ал мүлде жауабын білмейтін сұрақтарды қызыл түсті маркермен белгілеп отырсаңыз визуалды түрде өзіңіздің дайындық деңгейіңізді анықтап отыруға болады;

  • қиын сұрақтардың жауабын мұғалім консультация өткізгенде сұрап алуға болады;

  • міндетті түрде мұғалімнің кеңестерін мұқият тыңдаңыз;

  • үйде өзіңіз тесттік тапсырмаларды орындап көріп өзіңіздің білім деңгейіңізді анықтап көріңіз;

  • ой еңбегімен ұзақ уақыт айналысуға болмайды, оны дене еңбегімен алмастырып отыру қажет;

  • тесттерді қайталап шығуға уақыт қалдырыңыз;

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:

    1. Ой еңбегінің мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

    2. Ой еңбегі мәдениетін меңгеру болашақ мамандарға не үшін қажет?

    3. Ой еңбегінің нәтижелілігі қандай жағдайларға байланысты болуы мүмкін?

    4. Ой еңбегінде адамның зейіні, есте сақтау қабілеті қандай рөль атқарады?

    5. Жоғарғы оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесінің мәні неде?

    6. Кредиттік оқыту жүйесіндегі білімді бақылаудың қандай түрлері бар?

    7. Мектептегі дәстүрлі бағалау мен жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқытудағы баллдық-рейтингтік бағалау жүйесінің айырмашылықтары неде?

2

№ 10
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет