Тақырып: Кіріспе. Білім беру философиясы Білім беру – кәсіби іс-әрекет жүйесі мен құзыретті маман қалыптасу нәтижесі Мақсаты



бет29/57
Дата15.12.2023
өлшемі231,15 Kb.
#138247
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Ағымдық бақылау семестр бойы оқытушы, лектор, тьютор, эдвайзерлермен қадағаланады. Сабақ өту барысында олар студенттің қатысуын, сабаққа дайындалу деңгейлерін, студенттің өздік жұмыстарын, семинар сабақтарына дайындықтарын тексеріп отырып баллдар қояды.
Аралық бақылау бір семестрде 2 рет болады. (кейбір жоғарғы оқу орындарында 3 рет). Егер бір семестрде студенттер 15 апта оқитын болса онда бірінші 7 аптадан кейін I-аралық бақылау, екінші 7 аптадан соң - II-аралық бақылау жүргізіледі. Аралық бақылау кезінде барлық өтілген тақырыптар бойынша студенттер тесттік тапсырмалар орындап немесе жазбаша бақылау жұмысын жазады. Аралық бақылау мен ағымдық бақылаудан жинаған баллдары арнайы бекітілген құжат қағаздарына белгіленіп тіркеледі.
Қорытынды бақылау семестрдің соңында бүкіл өткен тақырып бойынша жүргізіледі. Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі. Емтиханды жоғарғы оқу орнының тест орталығы өткізеді.
Студенттің қорытынды бағасы оңың I-ші және II-аралық бақылаулары мен қорытынды бақылаудан жинаған баллдарынан құралады. Әр пән бойынша студенттің сабаққа қатысуы, өздік жұмыстарды орындағаны, белсенділігі, емтиханға дайындалуы барлығы ескеріліп қорытынды бағаны шығарады.

Бағалаудың әріптік
жүйесі

Баллдардың цифрлік эквиваленттері

Пайыздық көрсеткіштері

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В

3,33

85-89



Жақсы

В+

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз
Студенттердің білім, дағды, іскерліктері 100 баллдық жүйе бойынша есептеледі. Бірақ студенттер өздерінің қабілеттеріне, талпыныстарына, білім алуға деген ынталарына байланысты осы қажетті 100 баллдың түрлі пайыздарын жинаулары мүмкін. Жоғары оқу орнында алғашқы жыл оқып жатқан 1 курс студенттеріне анығырақ болу үшін баллдық-рейтингтік оқыту жүйесіндегі бағалау шкаласын төмендегідей кесте арқылы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет