Тақырып Мәдениет морфологиясы Тақырыптың жоспары



бет7/13
Дата10.12.2023
өлшемі128,51 Kb.
#136284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Бекіту сұрақтары:
1. Мәдениеттің семиотикалық қандай концепциялары бар?
2. Мәдениеттің негізгі рәміздерін ата?
3. Мәдени код ұғымының мәні?


Тақырып 4. Мәдениет анатомиясы


Тақырыптың жоспары:
1. Мәдениет кеңістігі және құрылымы
2. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
3. Өнер генезисі. Өнер антропогенез факторы ретінде.


Дәріс
Мәдениет кеңістігі. Мәдениеттің үшөлшемді моделі. Мәдени формалар. Мәдени кеңістік құрылымы: парадигмалар, мәдениеттің бет-бейнесі, мәдени сценарийлер. Белдеулік мәдени формалар: когнитивті парадигмалар, құндылықтық парадигмалар, реттеуші парадигмалар.
Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника. Рухани мәдениет. Рухани мәдениет типтері. Мифология: мифтердің мәні мен типтері, мифтердің сипатты белгілері, мифологиялық ойлау логикасы, мифтің қызметтері, заманауи мифология. Дін мәдениеттің қасиетті формасы ретінде. Дін. Діннің негізгі бөлшектері. Діннің қызметтері. Діни наным-сенімдердің алғашқы формалары: анимизм, фетишизм, тотемизм, пантеизм, деизм, монотеизм. Буддизм. Христиандық. Ислам. Діннің қоғамдағы мәдени өмір формаларына әсері. Қасиетті (сакральды) мәдениет. Қазақ халқының қасиетті (сакральды) мәдениеті. Өнер генезисі. Өнер антропогенез факторы ретінде. Өнер қызметтері. Өнер мәдениет айнасы ретінде. Өнер және көркем мәдениет.
Әлеуметтік мәдениет. Әлеуметтік мәдениет құрылымы. «Адамгершілік», «мораль», «этика» түсініктері. Адамгершіліктің қалыптасуы рухани мәдениет дамуының мәселесі ретінде. Мораль қызметтері. Моральдық түрткі механизмдері. Адамгершілік мәдениет қарама-қайшылықтары, Әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесіндегі құқық. Құқық және мораль. Құқықтың қызметтері. Құқықтық мәдениет. Биліктің құқықтық мәдениеті. Заң шығарудың мәдениеті. Халықтың құқықтық мәдениеті Саяси мәдениет. Саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны. Технологиялық мәдениет. Технология мәдени феномен ретінде. Технологиялық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Технологиялық мәдениет ерекшеліктері. Техниканың мәні. Техника: техника әлемі, табиғат, адам. Мәдениеттегі техниканың бейнесі. Мәдениет тарихындағы техниканың түрлері. Техникалық прогресс болашағы. Өркениет (цивилизация) семантика-лық жағынан алғанда (латын тілінің — «сміізң сөзі) азаматтық дегеңді білдіреді. Римдіктер бүл үғымды «варварлықтарң деп оздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашы-лықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениетң олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империя-сының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұгымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның көрілік шағы, ру-ханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет — мәдениетгің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).
6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның ма-териалдық жағы.
Бүдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен бай-ланысты үғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қол-өнер мен сауданың өркеңдеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.Мәдениетті түлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіңдегі маңыздыла-ры: мөдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени үйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасыңда ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени өрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, түты-нуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нөтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретіңде ғылым адамның талап-мүқтаждарын, мөдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға үмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы баскалары.Мәдени орта үғымы мәдениеттің коммуникациялық (қаты-настық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік үйымдар мен үжымдардан, рухани қызмет орындарынан түрады. Оларға техника мен қүрал-жаб-дықтардың даму деңгейі, түрмыстық мәдени дәрежесі, адамдар-дың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау үйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.Қайсыбір үлттық мәдениетті алсак та, ондағы салт-дөстүр-лер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасың. Медениет өзінің кең мағынасында бір үрпақ-тың келесі үрпаққа жоддаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мүрагерлікті жүзеге асыратын салт-дөстүр-лер жүйесі мәдениет озегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терен философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесің. (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет).Ғасырлар бойы күңделікті іс-тәжірибе негізіңде сұрыптал-ған жазу-сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандык, анайылықты емес, қазіргі ұлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тотали-тарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді қүрту мақсатында, дінді «апиынң деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқан-дай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбие-леуге тырысты.Ал шындығыңда діни Ренессанс («ренессансң — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат касиетті күштерге баланса, үлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғам-ның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғаңда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туыңдыларымен жалғасқан, халық-тың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер өлемінсіз, қандай мөдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныңда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлы-лығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сүлулыққа үмтылуы.Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйіңді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мөдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен өдемілік заттаңдырылып, игіліктер дүниесі қүралған. Сонымен бірге мөдениет адамды түлға деңгейіне көтеретін негізгі қүрал.Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани маданиң, яғни, мәдениетті жан.Адам — табиғат туыңдысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи і ғармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән ң И. Гердердің тілімен айтқаңда, адам — табиғаттың бірінші а тық алған пендесі.Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ і алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола берм Адам қоршаған ортаны озіне ыңғайлы түраққа айналдыр тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғаг күйзелтіп, құлдыратып жіберді.Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдын бір түрі ад: ның табиғи антимәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киника Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқарал мөдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қаг. қозғалыс сипатыңда болды. Мәдениет пен табиғатты ұштасі руға тырысатын ілім — мәдени антропология. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, с үстемдік етуге шақырған жоқ.Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп түрған «қыта қорғаның емес, керісінше, олардың арасындағы нөзік үндесті және рухани қыл-кепір. Осы үндестікті (гармонияны) одан ә] жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет.Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бі жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігін байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдык (психологиялық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген занды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағына-сында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қор-шаған заттар, дүние — бүл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде зат-тандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіңдік санасында, парасаттылық сезімде-рінде, рухани ізденістерінде айқындалады.Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам өлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің қүпиясы — адамдағы «Меңдік. Одан сыртқа ерек-ше бір нүр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нүр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлген-нен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқы-лайық. Алдымен қоғам және мәдениет үғымдарында қаншама үқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасыңдағы мағына-лық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (түлғалар-дың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс ны-сандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның үйымдасу нысандары, бүл ретте қоғамды зерттейтін бас-ты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы түрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмүнында қолданылады.Біз осыған дейін мәдениетгі үғымдық жағынан қарас-тырып келдік. Ал мәдениет болмысы — тарихи-мәдени про-цесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің заттық пішіңдерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесіңде «жасаңды табиғаттаң ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады.Тарихи-мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік та-рихтан басқаша қисынмен зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет