Тақырып Мәдениет морфологиясы Тақырыптың жоспары



бет12/13
Дата10.12.2023
өлшемі128,51 Kb.
#136284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дарис жинагы мәдениеттану -2023ж

Бекіту сұрақтары:
1. Қазақ Ағартушылығы феноменің мәні?
2. Шәкәрім шығармашылығындағы басты мәселе қандай?
3. Қазақ мәдениетіндегі "Зар заман" феномені?


Тақырып 9: ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті


Тақырыптың жоспары:
1.Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті.
2.Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет.
3.Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.
4.Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны.


Дәріс
Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі. Қазіргі Қазақстанның мультимәдени кеңістігіндегі қазақ мәдениетінің орны. Заманауи қазақ мәдениетіндегі рухани дәстүрлер мен жаңашылдық үдерістер. Әлемнің ұлттық бейнесі және мәдени репрезентация.
Қазақстанның қазіргі өнеріндегі негізгі үрдістер мен бағыттар. Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтаудағы гуманитарлық зиялы қауымның рөлі. Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, театр, сәулет өнері, музыка, кино, телеведение.Қазақстандағы заманауи бұқаралық мәдениет. Қазақстандағы шоу мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Қазақстанның қазіргі өнерінің дамуындағы жаңа үрдістер мен медиа-мәдениет қауіп-қатерлері.Теледидар мәдениет феномені ретінде. Қазақстандағы заманауи теледидардың дамуы. Қазақстанның телевизиялық драматургиясы.
Дәстүрлі қазақ және заманауи қазақ мәдениеті. Қазақ халқының мәдени коды. Қазақ ұлттық мәдени кодын сақтау мәселесі. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің рухани құндылығы және Қазақстан жағдайындағы батыс құндылықтарының сіңіру мәселелері. Өнердің коммерциялануы. Қазақ халқының мәдени бірегейлігін сақтау мен қазіргі қазақстандықтың мәдени-рухани келбетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, өз Отанына, ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақ халқының рухани мұрасы, рухани құндылықтарын, қазақ халқының мәдени кодын сақтау, әлемдік мәдениет құндылықтарына қосудағы отандық өнердің рөлі. Ұлттық өзіндік бірегейлену жағдайларында жеткілікті өткір формалар қабылдайтын, дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы дағдарыстың нақтылығы мен мәжбүрсіздігін еске алмауға болмайды. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы жағдайында ұлттық мәдениет ұлттық мемлекеттіліктің, ұлттық азшылықтардың құндылықтары мен нормаларын, сонымен бірге этноәлеуметтік және жалпыадамдық мәдени бағдарларды өзінде жинақтайды. Бірақ, білімнің, коммуникацияның жаңа формаларының, озық технологиялық тәжірибенің басымдылығы, ұлттық мәдениет шектерінде жеңіл сіңірілетін, жалпыиндивидуалдық заңдылық өлшемдерін қабылдағаны анық. Модернизациялық үдерістердегі гумандану жағына қарай бұрылыс, мәдени әрекеттегі тұлғалық басымдылықпен себептелген, жаңа сапалар үшін негіздерді (мәдени, өркениеттік) ашады.Қазіргі әлемде рухани өмірдің стереотиптенуінің жаһандық үдерістері жүзеге асуда, сондықтан этнос мәдениеті әлемдік мәдениет кеңмәтінінен тыс өмір сүре алмайды. Ұлттық мәдениеттің қайталанбайтындығы оның адамзаттың өркениеттін қозғалысынан бөлектенуін ұйғармайды. Техногендік әрекеттердегі жаһандандыру үдерістерін нысанаға алған, бүгін құрастырылып жатқан адамзат бірлігінің мұраты ретіндегі жаһандану бағдарлары оған қайшылықты қатынас туғызады. Жаһанданудың ықпалы дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына, жеке мемлекеттердің дамуына да, этникалық көптүрліліктің сақталу болашағына да, тұтас мәдениеттің жай-күйіне де тиеді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы табиғи катаклизмдер туралы күнделікті хабарларға мән бермейтін, демографиялық қопарылыстар жөніндегі қайталанушы ескертулерге үйреніп кеткен, өз өміріне риза, әлеуметтік жанжалдар мен соғыстарды, эпидемияларды, аштық пен лаңкестікті елемейтін, жер шары тұрғындары бір бөлігінің дүниеқабылдау ерекшілігі, мүмкін, жердегі бүкіл тіршіліктің жойылып кету қауіпінің жоқ екендігіне әбден сенуден тұратын шығар.Бұл үмітсіз жеңіл ойлы оптимистердің әрбірінің әлдебір тектік жадысында бекітілген және соған сай құндылықтар жүйесінде мәдениетпен қуатталған ақпарат, оларды адамзаттың игілікті болашағы туралы иландырады.Алайда ядролық энергия ғасырындағы әлемге деген осындай жайбарақат қарым-қатынас планеталық қауымдастық үшін жойылу қауіпін туғызады. Адамдардың біршама бөлігі оны ұстанатын, өтіп жатқан үдерістерге деген көзқарастың, бұрын болмаған биіктік пен күрделікке жеткен адамзат өз дамуында түпсіз құз-шыңыраудың жағасында тұр деп түсінуі, таңқаларлық емес. «Біз ойластыра алатынымыздан, біздің жауаптылығымыз анағұрлым артық, – дейді Ж.П. Сартр, – себебі ол бүкіл адамзатқа таратылады». Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Еске түсіретін бір нәрсе, бұл мәдени және әлеуметтік үндестердің интеграциялық бастамасын дамыту сияқты жаһанданулық тенденция, ХХ ғасырдың соңғы төртінші ширегінде екпінмен ашылғанымен бірақ та адамзат олармен кемі екі жүз жыл бұрын істес болған. Сол немесе басқа формада адамзат байланысты қалыптастыруға және өзара байланыс үрдісін жалғастыруға ұмтылды. Жаһандану өзінің қалыптасу үрдісінде мәдени әлеуметтік мықты дамуға айтарлықтай тұрақсыз сілкініс берді. Жаһанданудың уақыттық және кеңейіп ашылып “жетілуі” мәдени әлеуметтік үрдіс ретінде бізге оны тек өткен және алдағы жағдайды салыстыру жолы арқылы ғана бағалауға мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен қатар жаһанданудың жалпы даму үрдісінің қыр-сырын толыққанды зерттеуге мүмкіндік береді.Жаһандану жағдайында ұлттық дәстүрлерді стандартизациялаудан және ұқсастықа апаратын жолдан шығу, этникалық мәдени жабықтықты, олардың туыстық белгісі ретінде сақтау мүмкіндігі аз, қанша дегенімен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейінің жақындас болғанымен мәдени тәжірибенің ортақтығына байланысты типологиялық біртектіліктен шығуға қол сілтейді. Әрбір мәдениет қайталанбас және ерекшелігі әркелкі бейнені береді, сондықтан ұқсас мәдениет және қоғам болмайды. Дегенмен, эмпирикалық әр түрлі жолдар арқылы көрсетілген, тығыз стилдік қосылған жаһанданумен оңайлықпен олар үйлесе қоймайды. Өзіндік ерекшелікті сақтау мәдениеттің әмбебап қасиетті дәстүрін концервациялауды, мәдени формальды қарапайымдауды, қысқартуды білдірмейді, сонымен бірге айналасында инновация өрістейтін, әрқашан да күрделенетін, мәдениет өзегінің тұрақтануына және дамуына алып келеді. Өзіндік ерекшелікті сақтау тұрақтылықтың негізі және осыған қарсы болып табылатын тұрақсыздық және әр алуандық дәстүрлі мәдениеттерде де өз көрінісін табады. Жалпы айтқанда, әр түрлі контекстердің жағдайындағы өзіндік ерекшеліктердің көрінісі әр қилы типтерде болуы мүмкін: ''көрінісі'' әр қилы типтердің қалыптасуы, мүмкін “ашықтық жағдайындағы өзіндік ерекшеліктерді сақтау” мақсаты, өзінің табиғи және әлеуметтік мәдени кеңістігін қорғау, өз құндылығын өзгелерге қарсы қою және өзінділік болашаққа ұмтылыс мақсаты, өзара келісім жасаудың логикасын үйлестіру, бірге өмір сүру үшін жағдай жасау, сұхбатқа дайындалу, өзіндік ерекшелікті сақтау, құрал формасы ретінде «project idetity» жаңа азаматтық қоғамға тән нәрсені жасап шығару. Этникалық фактор қысым көрсетуші компонент ретінде, сонымен бірге тек қана басқа өзіндік ерекшеліктерін сақтаушылардан ғана қолдау табады. Діни-территориялық, бірақ та болашақтың дамуына апаратын, ұмтылыстың бастаушы факторы ретінде ол карастырылмайды. Дәстүрлі мәдениеттердің қатаң қазықтарының бірі ретінде есептелетін діннің негізінде қалыптасатын өркениеттердің өзі де ортақ келісімге барулары керек.Сондықтан жаһандану жағадайында тек қана әр түрлі мәдениеттің дәстүрлерінің, сәйкестігінің мәселесі ғана маңызды болып табылмайды, сонымен қатар құндылықтар да келешегі бар болып есептеледі. Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз және мәдениет әдіскерлерінсіз, адамзат дамуының жалпы пардигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес. Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген. Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен қатар даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Болашақтағы білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның шығармашылық табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі мотивациясымен жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және жоғары деңгейде қызмет атқарады. Құндылықтың жаңа өлшемі қалыптасып, экономикалық емес мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда көрсетілгендей, бір қырынан технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа жағынан алып қарастырғанда – адамзат қорының маңыздылығын арттыру көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің жылдамдауына бағдарланған.Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша ерекшеліктерінің күшейуін айғақтай түседі. Әлеуметтік мәдени айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму жолы, танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып келуі мүмкін, кеңкөлемді интеграциялық үдерістің қайшылықтары анықталады.Әрине, алмаспайтын ұлттық тасымалдау өзгерісі адамның экзистенцияналды әлемін және мәдени мәнді кеңістіктің ерекшелігінің бағытын екінші орынға жылжытады. Адам өміршендігін түрлі ұқсастандыра және ортақтандыра отырып, әлеуметтік-экономикалық және даму жолындағы өзара жақын бағдарының, тұтасқан аймақтар және елдер тарихын ұқсас бағыттарды құра бастайды. Ескеріп өткендей, жаһандану үрдісі, өзінің ең қауіпті жаулаушылық формасында, дәстүрлі әлемге еңуде. Ары қарай бұл көріністен, адамзаттық үйлесімділеу бірігудің жолын, мәдениет және халықтардың өз бірегейлігін және өзіндік болмысына ұмтылысын анық байқауға болады. Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы терең өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық революциялардың ықпалы мен трансформациялануы барған сайын үдеп барады. Халықаралық байланыстар мен қатынастардың кеңеюі және тереңдеуі, жер шарының нақтылы бір нүктесінде немесе бір аймағында болып жатқан оқиғалардың, барлық басқа халықтар мен елдердің тіршілігіне әсер ететіндігіне әкеледі, яғни бұл оқиғалар жалпы әлемдік, жаһандық сипатқа ие бола алады. Бүкіл адамзаттың ортақ мәселелері бола бастап, қоғамның мәселелері жеке мемелекет шектерінен шығады. Ақпараттық қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі емес ұстындарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі. Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы мен коммуникацияларын озық технологиялары.Бүгін бір өлшемді батыстық әмбебаптылықтың орнына, түрлі өркениеттердің өзара әрекетімен құралатын, әмбебаптылықтардың күрделі қиылысуы пайда болды. Жаһандық өркениеттік қатынастардың жаңа парадигмасы құрылып келеді, осында шаруашылық жүргізу мен әлеуметтілік типтерінің түрлі бағытталғандығы қоғамның интеграциялануы мен қоғамның өзіндік бірегейленуі функцияларының мәдениетке жатқызылатындығына әкеледі. Шығыстық және еуразиялық мәдениеттер үлгілерін модельдей отырып, мәдениеттің болмыстық нақтылығы ретіндегі өркениет әлдебір өлшемдер сәйкестігін бекітетіндігін және түрлі этникалық, әлеуметтік, саяси жақтарды біртұтас қоса отырып, сол арқылы интеграциялық функцияны да атқаратын айғақтылығын елемеген дұрыс емес. Посткеңестік мемлекеттердегі дағдарыстық жағдай барлық сословиелердің, топтардың, индивидтердің әрекетін белсенділеу етпей, КСРО-дағы басым құндылықтар мен бағдарларды өзгертпей, ешқандай қозғалыстың мүмкін еместігін көрсетті. Бірақ ұлттық өзіндік санада сақталып қалған дәстүршілдік те, әсіресе модерндеу процестері шарттарында, жағдайды бір Тек халықтың мәдени өзіндік бірегейленуі оның әлемдегі орнын көрсетеді. Тек ұлттық мәдениет жоғары эстетикалық, этикалық, әлеуметтік талаптарға жауап береді. Бұл тұрғыдан өзгермей берілген ретіндегі жалпыадамдық мәдениетке ұмтылыс негізсіз. Ұлттық мінездердің әр түсті көптүрлілігінде осындай жалпыадамдық мәдениет немесе руханилықты толық ескермеумен қатар жүретін таза материалды мұқтаждықтарды өтеуге, немесе қайсыбір жалғыз «этнографиялық дербестің» ұлттық мінезінен шығарылған тіршілік формаларын басқа барлық халықтарға күшпен тануға келіп тірелер еді. Ұлттық мәдениет өзін сақтауға жоспарланған, оның кеңістіктік қуаты «шекара» ұғымымен шектеледі. Осындай шекараны жарыққа шығару оның ерекшілігі мен қайталанбайтындығын айқындау процесі бола бастайды. Еуразиялық концепцияға сай мәдениетке үйренуге болмайды, ол қабылдана да алмайды. Мәдени дәстүрді жалғастырушы – бұл оны өзінің рухани болмысының бөлігіне айналдырушы, яғни оны ол қайтадан құрады. Әрбір адамда мәдениет өткен шақтан қазіргіге секіріс жасайды. Мәдени-тарихи даму бірбағытта емес, ол айналмалы. Мәдениет эволюциясы тұйық мәдени шеңбер шектерінде жүріп жатады.Посткеңестік кеңістіктегі ұлттық мәдениеттерге қатысты әмбебаптандырушы руханилықтың бірнеше парадигмалары бар. Бұл батыстық, шығыстық (исламдық), орыстықтың тек бірін ағарту, гуманизм, зерделіліктің жалғыз иегері ретінде сипаттау, ұлттық мәдениетті тек бір руханилықтың әмбебапты үлгісінде саналы түрде қайтадан жасап шығару талабына жатады. әрине, тек бір мәдениетті таңдап алудың жүзеге асуы неғайбыл, оның үстіне қазіргі жағдайларда мәдени экспанция жиі саяси экспанциямен теңестірілді, оның алғышарты ретінде қарастырылды. Идеологиялық текетірестің соңы болып табылатын және қарама-қарсы тұру мәдени шекаралар, өркениеттік арқылы өттетін, әлемдік саясаттың жаңа кезеңіне ене отырып, Қазақстан үшін айрықша, өркениеттік деңгейіндегі бірегейлік барған сайын маңызды бола бастайды.Қазіргі жағдаятта «Шығыс – дәстүрлі қоғам, Батыс – қазіргі әлем» антитезасы мәдени модернизацияның барлық түрлі мәселелерін шеше бермейтіндігі анық. Бұл анықтамалар болмыстың әлдебір антропологиялық, әлеуметтік және өркениеттік өлшемі болып табылады. Әлеуметтік, этникалық және мәдени мәселелердің пайда болуы шамасында, олар бүгін модернизациялық процестердің динамикасын анықтайтын, сол импульстерде айқындалады. Жаңа демократиялық Қазақстан шетелдермен мәдени байланыстарды дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес. Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға қарамай, көпұлтты қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің, ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту құқына, ал әрбір азаматқа – шығармашылық еркіндікке, мәдени өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай, мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды бағалаудың критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді. Қазақ халқы рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпыөркениеттік дерек, құбылыс маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт институционализациясының жүйеқұрастырушы факторы болып табылады.Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі ұлттық мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде ұлттық сана мәдениет универсалийлеріне (әмбебаптарына) қатысты ерекше бір сарапшы рөлін атқарады: мәселе жалпыадамдық құндылықтардың этностың дүниетүйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер барған сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу мен халық типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік даму кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру керек. Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды ассмиляциялауға қабілетті, «қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.XX ғасырдың соңы – бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі. Дегенмен, әмбебаптылық дегеніміз – бір түрлілік емес. Қазіргі заман мәдениеті – бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі, немесе мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық жетістіктерді өз бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті түрдегі сипатталуға ие емес дәстүрге сүйену жаңа қағидаттарды өңдеудің негізі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет