Тақырып Мемлекеттік басқарудың қағидалары Дәріс жоспары (1 сағат)


Мемлекеттік басқару қағидаларын анықтауда қазақстандық зерттеушілер жоғарыда келтірілген қағидалармен қатар мынадай қағидаларды ұсынады



бет2/6
Дата17.10.2023
өлшемі216,5 Kb.
#116722
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мемлекеттік-басқару-жүйесі 2

Мемлекеттік басқару қағидаларын анықтауда қазақстандық зерттеушілер жоғарыда келтірілген қағидалармен қатар мынадай қағидаларды ұсынады

  • - ажырамастық (біртұтастық) қағидасы;
  • - басқарудың мемлекеттік механизмінің болуы;
  • - өңірлерге көмек көрсетудің іріктеулілік қағидасы;
  • - әлеуметтік тараптарды теңестіру басымдығы;
  • - мультипликативтілік қағидасы;
  • - жүйелік сипаттан туындайтын стратегиялық мүдделерді анықтау қағидасы, яғни мемлекеттік басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерге бағдарлануы
  • Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы 4-бап. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

  • 1) заңдылық;
  • 2) қазақстандық патриотизм;
  • 3) мемлекеттiк биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
  • 4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
  • 5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
  • 6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
  • 7) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
  • 8) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi;
  • 9) меритократия – мем.қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
  • 10) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi
  • 11) мем.қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
  • 12) мем. қызметшiлердiң лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
  • 13) әдептілік;
  • 14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
  • 15) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
  • 16) мем.қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
  • 17) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
  • 18) мем.қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
  • 19) мем.қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
  • 20) мем.қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы
  • Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет